Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КЕШІККЕН ӘУЕ РЕЙСІ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

c 10:15, 11/01/2023 c 428

0:00 / 0:00

Қазақстанда кешіккен әуе рейсі үшін жолаушыларға өтемақы төленеді. Бұл жайында Азаматтық авиация комитеті хабарлап отыр. Жолаушылар әуе рейсі кешіккен жағдайда әр сағатына билет құнының 3 пайызын әуекомпаниясынан өндіріп ала алады. Рейстің кешігуі тасымалдаушының кінәсінен орын алған жағдайда ғана өтемақыны талап ете алады. Ал қолайсыз ауа-райы кезіндегі кешігулерде мұндай талап қойылмайды.

Енді кешіккен әуе рейсі үшін жолаушыларға өтемақы төлеу әуе компанияларын тәртіпке салады деген үміттеміз. Рейстің әр кешіккен сағаты үшін жолаушылар билет құнының 3 пайызын өтеп ала алады. Бұл талап Парламент қабылдап, күшіне енген көлік мәселелері туралы заңға енгізілген еді.Сонда депутаттар келтірген мәліметте, 2020 жылдың соңына қарай, шамамен, 51 мың рейстің 6 735-і кешіккенін, яғни Қазақстандағы әрбір сегізінші рейс кешіктірілгенін хабарлаған. 2021 жылы 68,7 мың рейстің 12,8 мыңы немесе әрбір бесінші рейс кешіктірілген. Алайда, ауа-райының қолайсыз кезіндегі кешігулерде авиакомпания өтемақы төлемейді. Ал ұшақ ұшуға дайын болмай, рейс кешіксе бұл әуетасымалдаушының кінәсі болып табылады. Ондай жағдайда жолаушы өтемақыны талап ете алады.

Мұндай жағдайда әуе компаниясы жолаушыларды алдын-ала хабарландыруы керек. Алайда, біздің авиакомпаниялар ескертуге асықпайды. Жолаушылар рейстің кешігетінін асығып-үсігіп әуежайға жеткенде бірақ біліп жатады. Сондай-ақ, жолаушыларды жолынан қалдырып, рейсті кешіктіргені үшін тасымалдаушы оларды тамақтандырып, орналастыру мәселесін де өз мойнына алуы керек. Авиакомпанияларды рейсті кешіктіргені үшін жолаушыларға төлейтін өтемақы ғана емес, құзырлы орган тарапынан салынатын айыппұл да күтіп тұр.

Өкінішке орай, отандық әуеқатынастар саласында жүйелі түрде кешігіп жүретін авиакомпаниялар баршылық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.