Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КЕНШІЛЕР ЗЕЙНЕТАҚЫҒА КЕНЕЛЕ МЕ?

c 14:36, 11/10/2023 c 97

0:00 / 0:00

Еңбек министрі Жақыпованың айтуынша, шахтерлерге қатысты тиісті заң жобасы осы жылдың соңына дейін енгізіледі. Қазір Қаржы нарығын реттеу агенттігі өмірді сақтандыру компаниясымен бірлесіп есептеулер жүргізіп жатыр. 55 жас және жеті жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы ұсынылған. Яғни шахтерлер осы екі критерийге сәйкес келуі керек. Мәселе жыл соңына дейін шешіледі - дейді министр. Қазір құзырлы орган кеншілердің зейнетақысын көбейту мақсатына бюджет өтінімін рәсімдеп, 3 жылға 45 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ «45 миллиард теңге үш жылға қарастырылып отыр. Жылына 15 млрд. Егер осы төлемді алатын тұлғалардың санын білгіңіз келсе. 46 мыңдай адамды құрап отыр»

Айта кету керек бұл тек зейнеткерлікке шыққан кеншілерге бюджеттен берілетін сома. Сондай-ақ, олар жұмыс берушіден және сақтандыру компаниясынан да төлем алады. Алайда, олардың қанша қаржы қарастырып отырғаны жайында еңбек министрі әзірге мәлімет жоқ деді. Ал жалпы қазақстандық зейнеткерлердің зейнетақы көлеміне келетін болсақ, сандар көңіл қоншытпайды. Жақыпованың мәліметінше, қазір ең төменгі зейнетақы 77 мың мен 120 мың теңгенің ортасында. Ал инфляция қысып жатқанда зейнеткер бұл қаражатты қажетіне жеткізе ала ма?

Дегенмен, ең төменгі зейнетақы алып отырған зейнеткерлердің бәрі бірдей атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр деп айту қиын. Ал үкіметтің жыл сайын қосатын 7-10 пайызын қымбатшылық жеп қойып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.