Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТАР ӘМІРІ КЕЛДІ

c 18:36, 12/10/2022 c 921

0:00 / 0:00

Ақорда елімізге мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді салтанатты түрде қарсы алды. Әдеттегідей аспан түстен көк кілем төселіп, екі ел әнұраны орындалды. Бұдан соң қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонағы –Қатар әміршісімен екі жақты кездесу өткізді. Одан әрі кеңейтілген форматтағы кездесу болды. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аудара отырып, қазақ-катар қарым-қатынасының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Тоқаев Қатар әмірімен халықаралық күн тәртібіндегі көкейтесті мәселелер туралы пікір алмасқанын айтты. Келесі жылы қазақ-қатар елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Қазақ Президенті әлемдегі ең бай мемлекет Қатардың елімізге инвестиция құюына ниетті екенін білдірді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, қаржы салаларында мол мүмкіндіктер бар екенін айтты. Екі елдің тауар айналымының көрсеткіші 3 млн долларға жуықтайды. Пандемия кезінде бұл көрсеткіш төмендеп қалған.

Өз кезегінде Қатар әміршісі екі ел арасындағы ынтытмақтастықты одан әрі нығайта түсу қажеттігін айта келе үкіметаралық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажеттігін айтты.

ТӘМИМ БЕН ХАМАД ӘЛ ТӘНИ – ҚАТАР ӘМІРШІСІ «2020 жылғы короновирустың салдарынан екі ел үкіметтері арасындағы комиссияның жұмысы тоқтап қалған еді. Енді жақын айларда комиссия жұмысын қайта қолға аламыз. Ертең Қазақстанда өтетін саммитте біз саясат, қауіпсіздік және Азия елдеріне қатысты мәселелерді талқылаймыз»

Қатар әмірінің елімізге сапары барысында екі жақты оннан астам келісімге қол жеткізілді. Оның ішінде инвестицияларды ынталандыру, ғылым, білім, сауда саласындағы келісімдерге келді. Қазақстан Қатар еліне тоңазытылған қой, сиыр еті мен сүт өнімдерін экспорттауға келісті.
Тоқаев осымен елімізге екінші рет келіп жатқан Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді қазақ-қатар қатынасын тұрақты дамытуға қосқан үлесі үшін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.