Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША РЕСЕЙ АЗАМАТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР?

c 16:21, 11/10/2022 c 936

0:00 / 0:00

Ресейдегі ішінара мобилизация салдарынан бас сауғалап біздің елге келіп жатқан ресейліктерді жұмыспен қамту жүріп жатыр. Соғысқа қатысудан бас тартып, Қазақстаннан пана іздеп келген бұл азаматтар ең алдымен жұмыс іздейтіні сөзсіз. Себебі, күн көріске ақша керек. Еңбек министрі Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстанда Ресейдің 22,5 мың азаматы жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын аударып жатқанын айтады. Оның ішінде 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасқан. Олар негізінен қызмет көрсету саласына жұмысқа кірген.

Ал өз азаматтарымызды жұмыспен қамту мәселесі қалай жүріп жатыр? Бұл сұрақ үкіметтің отырысында қаралды. Дүйсенова ханымның мәліметінше, биыл 9 айда 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Президенттің қалалар мен аудандарда тұратын 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасы бар. Алайда бұл тапсырма жергілікті жерлерді тиісті деңгейде атқарылмай жатыр дейді министр.

Отырыс барысында үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарды жұмыспен қамту мәселесін толық орындай алмай жатқан әкімдерге тезірек шара қабылдауды тапсырып, келесі айда жұмыстарын қайта қарайтынын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.