Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

c 13:48, 24/08/2023 c 88

0:00 / 0:00

Қазақстанда экологиялық аудит жүргізілетін болады. Бұл жайында елордада өткен халықаралық форумда айтылды. Қазақстан қоршаған ортаны ластап отырған компанияларға жаңа қолжетімді технологияларды орнатуға рұқсат берді. Алайда ол 10 жылдан соң ғана жүзеге асатын шаруа. Ол аздай экологияны ластап отырған комапниялар эмиссия төлемінен босатылған. Алайда, табиғатты ластап отырғандарына қарамастан, ірі компаниялардың шарықтаған тарифы елді алаңдатады. Форумға жиналған сарапшылар экологиялық аудит енгізілсе, қоршаған ортаны қорғауға мүмкін туады деген сенімде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық өңірінде экологиялық проблема барын айтқанды. Қоршаған ортаны қорғауға келгенде Қазақстан әлем елдері тізімінде көштен қалып отыр. Тәуелсіз сарапшылардың дерегінше, Қазақстанның жекелеген аймақтарында ауаның, судың ластануынан тұрғындар арасында аллергия, қатерлі ісік, өкпенің қабынуы сияқты ауру түрлері 40% артқан.

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА - ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ «Американың байырғы халқы-үндістердің бір нақыл сөзі бар. «Бізге ата-бабамыздың жері мұра болмады. Бірақ біз оны балаларымыздан қарызға аламыз» . Сол сияқты Қазақстанның да 2030 жылға дейін парникті газдың қалдықтарын 15 пайзыға азайту турады 1990 жылы мойнымызға алған міндетіміз бар».

Экологтардың мәліметіне сүйенсек, елдегі өндрісітік кәсіпорындар бір жылда атмосфераға 2,5 миллион тонна зиянды қалдық шығарады. Ал Қарағанды мен Пауладар облыстарындағы өндірістерден шыққан зиянды қалдық көлемі жоғарыда аталған қалдықтың жартысын құрап отыр.
Жылу электр орталықтары және КарМет, Қазақмыстар арзан көмірді жағады. Ал олардың бәрінде бірдей арнайы сүзгіштер орнатылмаған. Қазақстанда ауаға зиянды қалдық шығарып жатқан 21 құбырға тек 1 сүзгіштен келеді. Ал елде әлі күнге дейін экологиялық аудит жүргізу деген ұғым қалыптаспаған. Мамандар халықаралық талапқа сүйеніп, енді ғана экологиялық аудит жүргізу мәселесін қозғап отыр.

Осылайша біздің елде жылына миллиард доллар табыс тауып отырған компанияларға ауаны ластап отырғанына қарамастан 10 жыл уақыт берілген. Ал құбырларға орнатылатын сүзгіштер мен жаңа технологияның құны 10 миллион долларды құрайды. Неге біз он жыл бойы ластанған ауаны жұтып, денсаулығымызға зиян келгенін күтіп отыруымыз керек? Дамыған елдердің қатарына қосылғысы келетін Қазақстан мәселені осыдан бастауы керек емес пе? Неге алпауыттарға қойылатын экологиялық талаптар күшейтілмейді? Неге экологиялық аудит жүргізуді енді ғана қозғап отырмыз? Сұрақ көп. Жауап жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.