Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРЫЗДАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛА АЛМАЙСЫҢ

c 21:08, 05/05/2023 c 75

0:00 / 0:00

Екінші деңгейлі бакнтердің алдындағы борышын өтей алмай жатқан қазақстандықтар жаппай банкроттыққа өтініш беріп жатыр. Ағымдағы жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енген "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңға сәйкес, қарызға белшесінен батып, кредитін төлей алмай жүрген қазақстандықтар өзін банкротпын деп жариялай алады. Қаржы министрлігінің мәліметінше, екі айдың ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70%-ының өтініші кері қайтарылған. Өйткені адамдардың қарызы шекті сома, яғни 1 600 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен.

Несиеге белшеден батқан қазақстандықтар, банктердің алыдндағы қарызын өетй аламй жатыр. тапқан табысы қымбатшылық қысып жатқанда азық-түліктен аспайды. Бір несиені жабу үшін екінші несие алатындар да жоқ емес. Мұның соңы қарызға әбден батып, өзін бакнрот деп тануға әкеп соғып отыр. Алайда, қарыздан қашып құтыла алмайсың. Екінші деңгейлі банктерге қарызға батқан қазақстандықтар өзін банкротпын деп жариялауға өтініш беріп жатыр. Банкроттық туралы заңға сәйкес, ағымдағы жылдың 3 наурызынан бастап 50 мыңға жуық өтініш түскен. Оның алты мыңнан астамы ғана «банкрот» деп жариялауға мүмкіндік алмақ.

Екі айдың ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70%-ының өтініші кері қайтарылды. Мамырдағы мәлімет бойныша 36 мың жеке тұлғаның қарызы шекті сомадан, яғни 5 миллион 520 мың теңгеден асып кеткен. Өтініш бергендердің ішінде ипотека төлеп жатқандар анықталды, яғни оларың қарыз төлеуге мүмкіндігі бар. Ал көп жағдайда адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар. Мұндай мәліметтер банкроттық рәсімдеу сотқа жетпей белгілі болған дейді вице-министр.

Алайда өтініші кері қайтқан азаматтардың үш айдан кейін қайта өтініш беруге құқы бар. Өйткені азаматтардың өтінішін қабылдау жалғаса береді. Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 1,1 млн борышкер өзін банкрот деп жариялай алады. Еске сала кетейік, өзін банкротпын деп тану үшін жоғарыда айтылғандай, қарызы 5 миллион 520 мың теңгеден асапуы керек. Қарыз 12 ай бойы төленбеуі тиіс, меншігінде мүлкі боламуы керек, банкпен қарыз бойынша реттеу жұмыстары жүргізілген болуы керек. Сонымен қатар берешегі 5 жылдан артық өтелмегендер де өзін банкрот деп жариялай алады. Олардың мүлкінің бар-жоғы тексерілмейді және қарыз сомасы бойынша шектеу қойылмайды. Ал банкрот деп танылған азаматар, кейін банктер мен микроқаржы ұймыдарынан 5 жыл бойы кредит ала алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.