Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРАЛЫ КҮН

c 08:49, 13/06/2023 c 90

0:00 / 0:00

Қазақстан халық тағы да қара жамылды. Тағы да көк туымыз төмен түсірілді. Бүгін елде жалпыұлттық аза тұту күні. Абай облысында жалынмен арпалысып жанын қиған 14 орман шаруашылығы қызметкерінің рухына тағзым ету күні. 30 жылда Қазақ елі 12 рет қара жамылып отыр.

Еліміздің басты туы болып саналатын Астананың рәміздер алаңыдағы ең үлкен байрағымыз төмен түсірілді. Ақорда, Парламент, үкімет, барлық мемлекеттік мекемелердің туы түсірілді. Қазақ елі қара жамылды. Осылайша, Қазақстан халқы аза тұтып, Абай облысында жалынмен арпалысып жанын қиған 14 орман шаруашылығы қызметкерінің рухына тағзым етіп жатыр. Осымен 30 жылда еліміз 12-ші рет қара жамылып отыр. Шахталардағы жарылыс, Қызылағаштағы жойқын су тасқыны, "Арқанкерген" бекетіндегі қайғылы жағдай, ұшақтар апаты, коронавирус індеті кезінде қаза тапқандарды еске алу, оқ-дәрілер сақталған қоймалардағы жарылыс, Қаңтар трагедиясы, енді міне орман өртінде қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланып отыр. Абай өңіріндегі жағдайды көзбен көріп келген депутаттар, бұл 30 жылдағы шіріген жүйенің нәтижесі. Өкінішке орай, аза тұтып, марқұмдарға тағзым етумен ғана шектеліп жатырмыз дейді.

Абай облысына барып, тілсіз жаумен күресіп жатқан құтқарушылардың жұмысын көріп келген депутаттар, төтенше жағдайлар саласының техникасы әбден тозғанын көрдік. Ал құтқарушылар болса, тозығы жеткен техникамен қызыл жалынның ішінде жүр дейді.

Өздеріңізге мәлім, орман өртінің беті толық қайта қоймады. Бүгінде 60 мың гектар орман алқабы өртеніп, жер планетасының өкпесі болып табылатын орманның бір бөлігінен айырылдық. 14 орманшының қаза болуына байланысты қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл қайғылы оқиғаға кім кінәлі деген сұраққа жауапты тергеу нәтижесінен бірақ білеміз. Дегенмен халыққалаулылары төтенше жағдайлар экс-министр Юрий Ильиннің де тек қызметтен кетіп, жауапкершіліктен құтыла алмайтынын айтады.

Абайға барып келген депутаттар алдағы отырыста орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар саласындағы былықты жариялап, үкіметке сауал жолдамақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.