Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ БАСЫНДА КІМ ТҰРДЫ?

c 18:49, 05/01/2023 c 225

0:00 / 0:00

Елді есеңгіреткен қаңтар трагедиясына жыл толды. Бұл қайғылы жағдайға қатысты тергеу ісі әлі толық аяқталған жоқ.Бас прокурор тергеудің 80 пайызға жуығы аяқталды дейді. Жалпы қастерлі қаңтар бойынша 5 300 қылмыстық іс қозғалды. Тиым салынған экстермистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 42 мүшесі қамауға алынды. Алайда Берік Асылов қасіретті қаңтардың басында Кәрім Мәсімовтен басқа қандай лауазымды тұлғалар тұрды деген депутаттардың да, журналистердің де сауалына нақты жауап айтпады. Бұл тергеу құпиясы деп құтылды прокурор. Мәжілісте қаралы қаңтарға қатысты өткен парламенттік тыңдауға ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғалары кезінде зақымданған қару-жарақтарды,табылған қаруларды әкеліп көрме өткізді. Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Парламенттегі Жаңа Қазақстан депутаттық тобы бас прокурор бастаған құзырлы органдар қаңтар оқиғасы бойынша мәжіліске келіп, есеп берсін деген талап қойған еді.

Бір жыл бұрын қазақстандықтар қара жамылып, қаңтар трагедиясының куәгері болағн еді. 238 адам қаза тапты. Яғни бұлардың арасында қаңғыған оқ тиіп қаза болғандар да бар. Парламентке ұйымдастырушылар қаңтар оқиғасында Алматыдағы қақтығыста қаза болған 27 жасар полицей Нұрболсын Алмасовтың анасын шақырған екен. Полицияға жұмысқа кіргеніне 8 ай ғана болған жас азамат, осы трагедияның құрбаны болды.

Алайда, парламенттік тыңдалымға қаңтар қақтығысында бейбіт шеруге шығып қайтыс болғандардың туғандары шақырлымапты. Бұл сұраққа жауап та жоқ. Парламент дәлізінде қаралы қаңтарда қарулы күштердің зақымданған қару-жарақтары, жабдықтары әкелініп көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қаңтар оқиғасынан соң табылған қару-жарақтар да қойылыпты. Әр өңірде орын алған қаңтар оқиғалары бойынша фильм көрсетілді. Ішкі істер министрлігінің өкілдері әскерилер мен полицейлердің жаппай тәртіпсіздікке шыққандар тарапынан жапа көргенін тәппіштеп түсіндіріп беріп жатты. Алайда, осы шерулер барысында ұсталып, құқық қорғау қызметкерлерінің қолынан аяусыз азапталған күнәсіз жандарға қатысты 329 факті тіркелді. Азаптаулардың басты құралы болған үтікті осы көрмеден көре алмадық.

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандардың басында ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов тұр дейді. Қазір Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты мемлекетке опасыздық жасалды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын білесіздер. 5 қаңтарда жеке құрамға ғимараттан кетуге дайын болу қажеттігі туралы комитет басшылығынан нұсқау болған. Мәсімовтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орнын тастап кеткен. Алматы мен Жамбыл облысының полиция департаменттері де өз ғимаратын тастап кетіп қалған. Бас прокурор Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған 18 адам анықталды дей тұра, Мәсімовтен басқасының атын атап, түсін түстеуден бас тартты. Ал Кәрім Мәсімовтің артында кім тұрғаны белгісіз дейді ол.

БЕРІК АСЫЛОВ – ҚР БАС ПРОКУРОРЫ "Бұл істер өте құпия режимде тергеліп жатыр. Сондықтан нақты осы сұрақтарды осы істі тергеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдар едім. Біз тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 18 адамға қатысты іс қозғадық. Көптеген іс кетті. Егер нақты фамилиялар қажет болса, қосымша көтере аламыз. Мәсімов осы істің басында тұрды деп айтуға болады

Бас прокурор мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті 2021 жылы жоспарланған. Оны қылмыстық топ, діни экстремистер, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының мүшелері ұйымдастырған дейді. Дикий Арман яғни Жұмагелдиевтің, діни экстремистер Нұрпейісов пен Тілеужановтың рөлі ерекше болғанын айтты. Ал бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде заңсыз бұйрық бергені мәлім болды.Ал экс-президенттің немере інісі Самат Әбіш қандай да бір қылмыстық іске тартылып жатыр ма деген сұрақ қойылды. Себебі Әбіш сол кезде ҰҚК төрағасының орынбасары болғанды. Бас прокурор Самат Әбішті тек куәгер ретінде жауап алуға ғана шақырдық деп құтылды. Ал депутаттар бұрынғы президенттің қасында жүріп байып алғандар елге ұрлағанын қайтарсын деп ашуланды.Себебі, халық бұл шеруге кедейшіліктен қиналып шықты дейді.

Бас прокурордың мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 мыңға жуық қару әлі табылған жоқ. 3 мыңға жуық автомат, тапанша, винтовка және 10 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған. Яғни, жоағрыда аталған басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қаруы бүлікшілердің қолына түсті дейді Асылов. Сонымен қатар бас прокурор террористік акт жасаған адамдардың бәрі террорист болып саналатынын атап өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.