Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАР ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ

c 19:33, 05/01/2023 c 184

0:00 / 0:00

Қаралы қаңтарға бір жыл толды. Парламентте құзырлы орган басшылары қаңтар трагедиясы бойынша тергеу барысын баяндаса, президент пен премьер-министр мешітке барып, қаңтарда құрбан болғандарға құран бағыштады.

Қаралы қаңтарда қаза болғандардың саны 238 адамды құрап отыр. Прокуратураның дерегі бойынша, оның 41 бұрын сотталған, 67 адам шабуылдаушы, 142-сі төтенше жағдай мен антитеррристік операция режимін бұзушылар. Ал 4 адам басқа да қылмыстар жасау барысында көз жұмған. Ақорданың хабаралуынша, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, бір жыл бұрын қаңтар қақтығысында қайтыс болғандардың рухына құран бағыштады.

Ал үкімет басшысы Әлихан Смайылов шахардағы Әбу-Насыр әл-Фараби мешітіне барып, қаңтар құрбандарына дұға бағыштап, құрбан шалды. Жалпы қаңтар оқиғасы бойныша 5300 қылмыстық іс қозғалды. 1 221 адамға қатысты істі соттар қарап, соның 1205-і сотталды. Өткен жылы қаңтар оқиғасына қатысқандар бойынша рақымшылық жасалып, мыңнан аса адам осыған қол жеткізді.Қазір прокуратура 315 адамға қатысты 127 іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.