Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАНДАСТАР ҮШІН «АТА ЖОЛЫ» КАРТАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

c 11:02, 14/12/2022 c 1368

0:00 / 0:00

Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қандастар үшін Грин картаға ұқсайтын «Ата жолы» картасы енгізіледі. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихаты барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты. 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1 млн 105,7 мың этникалық қазақ келген. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тарихи отанына келіп қандас мәртебесін алған 17 888 этникалық қазақ бар. Жыл басынан бастап елге келген қандастардың 63,5%-ы Өзбекстаннан болса, 8,6% Қытайдан, Түркіменстаннан 9,1%, Моңғолиядан 4,9%, Ресейден 9,9% және басқа да елдерден 4,0%.

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бастап тарихи отанын аңсап келіп жатқан қандастардың саны артуда. Елде оларға азаматтық алу, орнығуы үшін әртүрлі бағдарлама қабылданған. Кқші-қон комитетінің мәліметінше, 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1 млн 105,7 мың этникалық қазақ келген. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тарихи отанына келіп қандас мәртебесін алған 17 888 этникалық қазақ бар. Өздеріңізге мәлім көші-қон комитеті еңбек министрлігінің қарамағына өткенді. Министрлік Президенттің тапсырмасы бойынша Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Үкімет тұжырымдаманы бекітіп те үлгерді. Осы құжат аясында этникалық көші-қонды реттеу қарастырылып отыр.Яғни елімізге келген қандастар үшін Грин карта сияқты жүйе енгізіледі. Қазақстанда ол «Ата жолы» картасы деп алататын болады.

Ата жұртына оралған қазақтардың көші-қонын реттеудің тағы бір жолы- құжаттарды рәсімдеудің алғашқы кезеңінде қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерімізге қоныстануға қосымша ынталандыру ұсынылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.