Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

JUSAN ТОБЫ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ҚАЙТАРАДЫ

c 09:17, 26/06/2023 c 110

0:00 / 0:00

Jusan тобы мемлекеттің ақшасын қайтарады. Сондай-ақ білім беру мекемелерін қаржыландыратын болады. Бұл жайында Әділет министрі Азамат Есқараев журналистермен өткен баспасөз маслихатында айтты. Өздеріңізге мәлім, Jusan активтері елге қайтарылғаны. Осылайша Jusan тобы Қазақстан юрисдикциясына өтті.

Аты шулы Jusan тобы толық Қазақстан үкіметінің бақылауында болады. Әділет министрінің айтуныша, 2021 жылы алдын ала жоспарлған іс-әрекеттің нәтижесінде Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылған болатын. Оның құрамына Jusan Bank қана емес, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша ірі активтер кіреді. Шетелдік юрисдикцияға шығарылған топқа Қазақстан үкіметі іс жүзінде бақылау жасай алмай қалған еді. Ал қазір ел билігі сыртқа шығарылған активтерді қайтару жұмысын қарқындатып жатыр. Соның бәр нәтижесі осы Jusan тобының актвитерін елге қайтару болды.

АЗАМАТ ЕСҚАРАЕВ – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ «Кезінде Jusan тобы Қазақстанның юрисдикциясынан шығарылған болатын. Үкімет пен мемлекеттік органдар Jusan тобын бақылау құқығынан айырылғанды. Енді жасалған жұмыстардың арқасында Жусан банкін де, басқа да активтерін қайтару мүмкіндігі туды. Jusan тобы толық Қазақстанның бақылауында».

Ашық ақпарат көздерінің мәліметінше, Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыру керек болған. Алайда, қаңтар трагедиясынан соң «ескі Қазақстанның» өкілдері Jusan аквтитерін өз бақылауына алады. АТФ банк" мен "Цесна банкті" біріктіре отырып, Jusan Bank құрылады. Ал екінші деңгейлі банктерді қолдау деген сылтаумен бұл банкке мемлекеттен миллиард доллар бөлінген. Ұйым дарынды жастарды қолдау мәселесімен айналысуы керек болатын. Бірақ Қазақстан халқының қаржысына құрылған Jusan Bank аяқ астынан америкалық актив болып шыға келді. Қазақстандықтар қордың қамқоршылық кеңесінен шығарылды. Осылайша мемлекеттік субсидия жекелеген адамдардың қолында кете берді. Әділет министрі тиісті келісімдерге қол қойылып, тараптар өз міндеттемелерін орындайтын болды дейді. Яғни мемлекеттен алған ақшасын қайтарып береді.

АЗАМАТ ЕСҚАРАЕВ – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ «Жусан тобы мемлекеттің берген ақшалай көмегін қайтаратын болды. Сондай-ақ Қазақстанның білім беру ұймыдарын қаржыландыру туралы міндеттемені мойнына алып отыр. Бұл үлкен нәтиже»

Алайда, министр аталмыш банкті қолдауға берілген қазына қаржысының көлемін нақтыламады. Кейбір деректерге сүйенсек, елімізде 2017 жылы бес триллион теңге банктерді сауықтыруға жұмсалған. Оның 1,5 триллионы сол кездегі «Цесна банк» қазіргі Жусанға бұйырды. Бұл жеңілдетілген займдар ғана емес, проблемалық несиелер болатын. Ал проблемалы несиелер 6-10 есеге қымбатқа сатып алынған. Баспасөз маслихаты барысында әділет министрге тілшілер шетелге заңсыз капитал шығарғандардың тізімі ашық бола ма деген сұрақ қойды. Есқараев ашық тізім жарияланбағаны дұрыс деп санайды. Жалған ақпарат тарап кетуі де мүмкін. Олардың инвестициялық ахуалына әсер етуі мүмкін. Мәселен, кейін азамат активтердің заңды түрде шыққанын дәлелдей алып жатса, теріс әсер етуі мүмкін. Сол себепті жабық түрде болғанын дұрыс- дейді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.