Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАЙ ЖАТЫР

c 20:59, 24/10/2023 c 77

0:00 / 0:00

Қазақстанға инвестиция тарту мәселесін күшейту де Президент те жиі айтады. Үкімет өңір басшыларына тиісті тапсырманы жүктеді. Бұл өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қажет. Алайда, кей әкімдіктер инвестиция тарту жұмысын бәсеңдетіп алған. Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту жұмысы Ақмола, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында кенжелеп отыр. Өңір басшылығы инвестция тарту жұмысында бюрократияға жол беріп отыр деп сынады үкімет басшысы. Облыс әкімдері 2027 жылға дейін іске қосуға жоспарланған бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыра алмай кейніге шегерген. Бұл инвесторлар қаржысының жетіспеуіне, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеу, жабдықтардың жеткізілмеуі немесе кешіктіріп жеткізілуіне, сондай-ақ жер мәселелеріне байланысты болып отыр. Атап айтсақ, Ақтөбе облысы 5 жобаны, Ақмола 6, Маңғыстау өңірі 10 жобаны іске асыра алмай кешеуілдеп жатыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, өткен 9 айда өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға 1 трлн және 27 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға төмен. Жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіш 2,1 трлн теңгені құрайды деген жоспар бар. Бұл орайда, жиһаз өндірісі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, қағаз өнімдерін, сусындар мен тамақ өнімдерін шығаратын компаниялар арасында оң динамика байқалады. Жалпы, биыл инвестиция көлемі 1 трлн теңгені құрайтын 170 жобаны іске қосу жоспарланған. Тұрмыстық техника және арнайы кокс өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ шламдарды қайта өңдейтін кен байыту фабрикасын салу жұмысы тұр. Қазір тек жалпы құны 200 млрд теңгені құрайтын 65 жоба ғана іске қосылған. Инвестициялық жобалардың дер кезінде жүзеге аспауынан мыңдаған жұмыс орны құрылмай қалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.