Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚАЛАЙ АРЫЛАМЫЗ?

c 23:57, 16/11/2023 c 35

0:00 / 0:00

Үкімет пен отандық бизнес алдағы үш жылда отандық өніммен қамту деңгейін 60 пайызға жеткізуі керек. Ал оған қол жеткізу үшін салық саясаты, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жұмыстары тұр. Ол үшін қажетті әлеует пен ресурстар бар дейді премьер. Өкінішке орай Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жылда импортқа тәуелділіктен арыла алмай отыр. Бүгінде сырттан келетін тауар түрлері 46 пайызды құрайды.

Елде шикізат өндірісінің жағдайы біршама тәуір болғанымен, өңдеу өнеркәсібі кенжелеп тұр. Мысалы 2021 жылы қалбырдағы ет өнімдерінің 39 пайызы, шұжықтың 46 пайызы шетелден тасымалданған. Соңғы екі жылда ет өнімдері бойынша импорттың үлесі артып кеткен. Яғни қайта өңдеу саласы дамымай тұр. Смайылов бизнесмендерге салық саясаты қайта қаралып, жеңілдіктер жасалатынын айтты.

Кәсіпкерлікті дамыту барысында «Бәйтерек» холдингі жыл басынан бері бизнеске 2,2 трлн теңгенің көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Соның ішінде, Қазақстан даму банкі арқылы 314 млрд теңге бөлінді. Өнеркәсіпті дамыту қоры жалпы құны 195 млрд теңгеден асатын жобаларды қаржыландырды. Қосымша 300 млрд теңгенің жобалары бойынша жұмыс жалғасуда. Оған қоса «Даму» қоры арқылы 115 млрд теңгеге тікелей несиелер берілді және бөлінген субсидиялар мен кепілдіктердің арқасында банктер бизнеске 930 млрд теңгеден астам несие берді. Осылайша үкімет бизнес қауымдастығына бергенін айтып, ендігі мәселе сіздердің қолдарыңызда дейді. Алайда, сол беріліп жатқан несиелердің пайыздық көрсеткіші аспандап тұрғанын ескерсек, шағын бизнесін дөңгелетемін деп отырғандар үшін бұл ауыр жүк. Ресми мәліметке сүйенсек, Орта және шағын бизенстің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36 пайызға жетіпті. Алайда, статистикада кейде асыра сілтеушілік те болып тұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.