Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ГАЗ ДА ҚЫМБАТТАЙДЫ

c 10:00, 05/04/2023 c 75

0:00 / 0:00

Газ да қымбаттайды. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров газдың әлеуметтік әділ құны белгіленетінін айтты. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенті сессиясының ашылуында үкіметке газ бағасын реттеуді тапсырғанды.

Қаралы қаңтар оқиғасы осы газ бағасын көтеруден бастау алғаны есімізде. Сол кезде сұйытылған газдың бағасы 120-130 теңгеге дейін шарықтап, халық наразылыққа шыққанды. Аяғында еліміздің барлық өңірінде жаппай тәртіпсіздік орын алғанды. Ақырында үкімет газдың бағасын 50-75 теңге аралығында бекітті. Енді үкімет газдың бағасын өсіру қажет деп отыр. Ұлттық экономика министрі тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды пайдалану жоспары жайында айтты. Әлібек Қуантыров газ бағасы өсетінін айтты. Аталған міндетті іске асыру үшін ірі коммерциялық кәсіпорындарға сараланған тарифтерді енгізу, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылмақ. Бұл өз кезегінде газды үнемді пайдалануға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік әділ құнын белгілеуге ықпал етеді, - деді министр.

Әрине халық үшін газ бағасын ұстап тұру қажет. Алайда газдың төмен бағасын табысы жоғары тұтынушылар да пайдалануды жалғастырып отырғанын айтады шенеуніктер. Мысалы, 2 есеге жуық температура айырмашылығымен Маңғыстау және Қостанай облыстарының тұтыну көлемі айына орта есеппен 600 текше метр газға жетіп отыр. Яғни газдың төмен бағасын сақтау газды ұтымсыз пайдалануға әкеліп отыр. Сұйытылған газ бойынша да баға өседі. Үкімет басшысының айтуынша, бұл газ түрін өндіріп отырғандар оның өз құнын жаба алмай отыр.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Сұйытылған газ бойынша бәсекелестікті қорғау агенттігі есептеулер жүргізіп жатыр. Бағасы шамалы өсуі мүмкін. Өнімді өткізу бағасы өндірістің өз құнын жаппай отыр. Егер осы бағамен ала беретін болса, өндірушілер бұл газды өндіруді тоқтатады».

Сұйытылған газ мұнайды қайта өңдеуден алынатын өнім. Одан әрі оны жанар-жағар май станцияларына жеткізеді. Бүгінде қазақстандық жүргізушілер темір тұлпарын газбен от алдыруға дағдыланған. Себебі газдың бағасы бензинге қарағанда арзан. "Открытые НПА" порталында сұйытылған газ бағасы Алматы қаласы, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қымбаттайтыны жарияланып отыр. Кей өңірлерде 80 теңге құрамақ. Осылайша, АИ-92 бензинінің литрі 205 теңге, дизель отынының литрі 450 теңге болады. Сәуірдің 12-нен бастап мұнай өнімдеріне бағаны өсіру бұйрығы күшіне енеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.