Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮҒА ДАЙЫН

c 17:50, 18/11/2022 c 1092

0:00 / 0:00

Елімізге ресми сапармен келген Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Қазақстанға инветсиция құюға дайын екендігін айтты. Құрметті қонақты бейснебі күні Ақордада қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған еді. Ақорданың хабарлауынша, тараптар бұл кездесуде Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Біз Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдаймыз. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің өте табысты болған сапарын және Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөзімді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастығымыздың көптеген мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Сондай-ақ Египетте Қазақстан Премьер-Министрі мен Урсула фон дер Ляйен қол қойған Меморандумды құптаймын. Бұл – өзара ынтымақтастық тұрғысынан өте нақты қадам»

Еуро Одақтың жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларына тоқталды. Оның айтуынша, Еуропа үшін Қазақстан маңызды «әріптес болып табылады. Логистика, және көлік, сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және «жасыл экономика» саласында тығыз қарым-қатынас орналасқан. 30 жыл ішінде Еуро Одақ азия елдеріне 160 млрд доллар инвестиция құйған. Боррель мырза, Еуропа елдері Қазақстанға инвестиция құюға дайын екенін айтты.

ЖОЗЕП БОРРЕЛЬ – ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Инвестиция және сауда қарым-қатынастарынан бөлек, басқа да салаларда ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді. Біз дипломатиялық қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз»

Екі жақты кездесуде Еуро Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі екені айтылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жозеп Боррель Ресей мен Украина арасындағы ахуалды, Ауғанстандағы жағдайды да талқылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.