Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНІҢ БАСЫНДА КІМ ТҰР?

c 02:09, 12/12/2023 c 40

0:00 / 0:00

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов үкімет сағатына сайланып келіпті. Министрлік ұсынған көрмеде заңсыз есірткі дайныдайтын зертханалардың құрылғылары қойылған. Тіпті министр Парламентке есірткі іздейтін иттеріне дейін алып келіпті. Депутаттар ақылды иттерді көріп мәз-майрам болғанымен, залдағы отырыста сын көп айтылды. Ең алдымен министрдің баяндамасында есірткімен күрес жолдары жоқ, талдау жасалмаған деді депутаттар. Тіпті полицияның өзі есірткі қылмысымен айналысады деп сынады. Қазақстанда биыл есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен құқық қорғау органдарының 11 қызметкері ұсталды. Бұл көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменттері жанындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ҰҚҚК қызметкерлері, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, ТЖМ және әскери қызметкерлер. Олар тәркіленген есірткіні екінші рет айналымға жіберген. Депутаттар қасқырға қой бақтырып отырмыз деп даурықты.

Бас полицейі қоластындағылардың мұндай қылмысқа барып жатқанын мойныдады.

Заңсыз есірткі бизнесінде нашақорды таратуда орындаушылар ғана ұсталады да, оны ұйымдастырып отырғандар қолға түспейді. Яғни елдегі тамыры тереңге кеткен есірткі айналымын жоғарыдан бақылап отырған мафия бар дейді депутаттар.

Ішкі істер министрі депутаттың айтқанын эмоция деп бағалап отыр.

Әлемде есірткі құралдарының 1000-нан астам түрі бар, олардың 700-ге жуығы Қазақстанда. Министр есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейтіп, қазір 15 жылға дейін бас бостандығынан айыратын болса, осы қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру қарастырылуда. Ал есірткі тарататын жастарға жазаны жеңілдетпек. Себебі, жастар оңай ақша табу үшін есірткі таратуға барыпа жатады. Күні бүгінге дейін есірткі жасырумен айналысқан алты кәмелетке толмаған сотталып, тағы 26 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды дейді министр. Енді есірткі жасырумен айналысқан жасөспірімдермен қылмыс алғаш рет жасалса және тергеу кезінде есірткімен айналысатын нағыз кінәлілерді табуға көмекетессе жазасы жеңлдеуі мүмкін. Үкімет сағаты барысында мәлім болғандай, Қазақстанда есірткінің жыл сайынғы заңсыз айналымы шамамен 25 тоннаны құрайды, оның 95 пайыздан астамы каннабис тобындағы есірткіге, 5 пайызға жуығы синтетикалық есірткіге, 1 пайыздан азы апиынға, героинге және заттардың өзге де түрлеріне тиесілі. Қазақстанда былтыр есірткі қылмысы үшін сотталғандар саны 3 425 адамды, ал биылдың 10 айында 3 193 адамды құрады. Бұл елдегі сотталған адамдардың жалпы санының 14 пайызы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.