Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕМІЗ?

c 20:52, 21/10/2022 c 1220

0:00 / 0:00

Елде электр энергиясының тапшылығы орын алып отыр. Оған себеп – жүйелік проблема дейді бас энергетик Болат Ақшолақов. Өткен жылы пайда болған электр энергиясының тапшылығы жүйенің тозғандығын көрсетеді. Отандық энергия көздері жабдықтарының авариялық істен шығуы жиілеп кетті.

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Өткен жылмен салыстырғанда авариялық тоқтап қалулар саны 22%-ға, ал олардың ұзақтығы 16%-ға артты. Энергия өндіруші қуаттардың тозуы шамамен 60% құрайды. Бұл жағдай тұтынудың рекордтық өсуі аясында елдің энергетикалық тұрақтылығына қауіп төндіреді».

Министрдің айтуынша, тариф 2019 жылдан бастап қайта қаралмады және бастапқыда қажеттілікке сәйкес келмей отыр. 2015 жылғы есептеулерге сәйкес тариф 700 мың теңгені құрауы тиіс еді. Алайда іс жүзінде 590 мың теңге/МВт деп бекітілді. Министр электр қуатының тапшылығын болдырмау үшін жаңа стансалар салу қажет дейді.

Ақшолақов электр энергиясын сатудан түскен қаражат және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру үшін қызметтер есебінен жылу энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды өтеу мәселесі де қайта қаралуы тиіс. Яғни қарсы тоғыспалы субсидиялау алынып тасталады. Ал желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін жоқ дегенде 15%-ға қысқарту керек. Ол үшін 2035 жылға қарай жыл сайынғы инвестицияларды 3 есеге ұлғайта отырып, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» тәсілін енгізу көзделіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.