Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ БАЙ-БАҒЛАНДАРЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫНЫНА ІЛІКТІ

c 18:04, 16/11/2022 c 1233

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарында, қаралы қаңтардағы жағдайды қайталығысы келетіндер барын айтты. Президент қаңтар трагедиясында бейбіт шеруге шыққандардың талабы әлеуметтік мәселеден туындаған болса, қаңтар оқиғасына дейін елдегі жағдайды мақсатты түрде пайдаланғандар болды. Олар әртүрлі жолмен наразылық рухын қоздырып, қоғамымызды жікке бөлу мақсатын көздеді. Сондықтан олардың көпшілігі қаңтардағы қайғылы оқиғаға жанама түрде кінәлі", - деді.

Тоқаевтың айтуынша, олар жағдайдың шиеленісіп, бейберекеттің күшейіп бара жатқанын пайдаланып, халықты көшеге, алаңға шығуға шақырып, жағдайды одан ары ушықтырды. Бірақ қиын сәтте олар үйлеріне тығылды. Оқиғаның ең қызған шағында көрінбеді де, естілмеді. Осы уақытта мыңдаған, мүмкін он мыңдаған жауапты азаматтар қоғамдық тәртіпті орнатып, түрлі нысандарды күзетіп, тонаушыларға тойтарыс берді. Қаңтардан енді ес жиып жатқанымызбен, ел ішінде бүлік салуды көздегендер бұл ісін қайталауы мүмкін бе?

Сондай-ақ, Президент еліміздегі олигархтардың әлеуметтік жауапкершілігне қатысты сын айтты. Қазақстандық бай-бағландар әлеуметтік салаға қаржы құюға келгенде сараңдық танытып отыр. Тоқаев бизнесмендерді қанша осыған үндегеніммен, нәтиже жоқ деп налыды. Енді мемлекет басшысы ел тағдырына алаңдамайтын байларға қатысты өз қортындысын шығармақ.

Президенттің бұл сөзінен кейін, тәуелсіздік жылдары бойы әбден байып алып, шалқып жүрген қалталы азаматтарымыздың қоғам алдындағы жаупакершілік сезімі оянар деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.