Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛ БИЛІГІНЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС КЕРЕК ПЕ?

c 11:55, 16/12/2022 c 880

0:00 / 0:00

Ел билігінде кадрлық өзгеріс қажет деген әңгіме соңғы жылдағы ең жиі талқыланып келе жатқан мәселе. Ал Презиеднттің үкіметке қойған сауалы қазір қоғамда қызу талқылануда. Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинетінің жұмысына қатысты, әкімдер жайлы қазақстандықтар жиі сын айтады. Кеше премьер-министр Смайыловтың өзі қоластындағыларға жұмыс істей аламасаңыздар, орындарыңызды босатыңыздар деп секерту жасады. Биліктегі кадрлық өзгерістерге қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та өз пікірін білдірген еді.

Халық айтса қалт айтпайды. Бұл сөздің жаны бар. Қымбатшылық қысып, үкімет мүшелерінің күнделікті жұмыс істеп жатырмыз, күресеміз деген уәдесінен шаршаған халық, биліктегілерді ашық сынайды. Әлеуметтік желі бетінде министрлер кабинетіне айтылып, жазылған сыннан көз сүрінеді. Дүкен сөрелеріндегі бағаға қарай алмайсың. Күйіп тұр. Қазақстандықтардың тапқан табысы азық-түліктен аспай қалды. Елде инфрақұрлым тозған. Оның бір айғағы Екібастұздағы апат. Үкіметтің жұмысына қатысты сын айтқан Президент Қасым-жомарт Тоқаев келесі жылы ауқымды кадрлық өзгеріс болатынын мәлімдегенді. Ал мемлекет басшысынан сын естіген премьер-министр министрлер кабинетіне ескерту жасағаны есімізде. Сенат төрағасы да жұмыс істей алмайтын адам жылы орнын босатқаны жөн деп санайды.

Үкіметке әлеуметтік, инфрақұрылым мәселелері, экономикалық өсім, кәсіпкерлікті қолдау және басқа да салалар бойынша тапсырмалар берілді. Алайда Үкімет осы тапсырмаларды орындауға, елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды одан әрі жүзеге асыруға, сондай-ақ Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасын орындауға назар аударуы керек дейді сенат төрағасы.

Сондай-ақ, жоғары палата басшысы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында парламент мәжілісінің сайлау жоспарланып отырғанын еске салды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл сайлау өткеннен кейін, Үкімет отставкаға кетіп, жаңа министрлер кабинеті жасақталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.