Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дені саудың-жаны сау

c 16:23, 04/04/2018 c 1534

0:00 / 0:00

Жетінші сәуірде дүниежүзі халықтары "Сау болу -сәнді" деген ұранмен денсаулық күнін атап өтеді. Осы орайда адам саулығын жақсарту үшін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын. Шараның басты мақсаты: қала мен облыс тұрғындарының салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

1948 жылдың жетінші сәуірінен бастап, дүниежүзі халықтарының баршасы денсаулық күнін атап өтеді. Адамның бірінші байлығы - денсаулықты жақсарту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынған. Десек те, түрлі кеселдерден көз жұмып жатқан жандардың қарасы қалың. Дені саудың-жаны сау деген. Осы орайда денсаулық пен спорт егіз ұғым екендігі ойға оралады. Елбасы бұқаралық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға жеткізу туралы тапсырма жүктеген болатын. Бүгінгі таңда, Батыс Қазақстандықтардың 27 пайызы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Еліміздің келешегі саналатын өскелең ұрпақтың дені сау болып өсіп өнуінде дұрыс тамақтанудың алатын орны зор. Батыс Қазақстандық мектептерде оқитын оқушылардың 78 пайызы ыстық тамақпен қамтылыпты. Сала мамандары мектептердегі асхана жылына екі рет тексеруден өтеді. Былтырғы жылы мектеп асханасында тамақтан уланған жағдай орын алмады,-дейді.

Жетінші сәуір күні денсаулық күні кеңінен аталып өтіледі деп күтілуде. Бұл күні қаланың орталығында және емханалардың алдында дәрігер қала тұрғындарының қан қысымын өлшеп, денсаулықты жақсартуға бағытталған түрлі кеңестерімен бөліспек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.