Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Егінге орақ түсті

c 17:59, 03/08/2022 c 1606

0:00 / 0:00

Биыл БҚО-ның шаруалары 586 мың гектар жерге егін екті. Егіс алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 19 мың гектарға артыпты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары хабарлады. Қазіргі таңда өткен күзде егілген егінді шабу науқаны басталды.

Агрономдар биыл өткен жылдармен салыстырғанда егіннің бітік шыққанын айтады. Жиналған егін 3 санаттағы сұрыпты көрсеткен. Бидайдың жақсы шығуына түрлі фактор себеп болыпты. Көктемгі жауын-шашын, топырақтағы ылғал мен өнімді уақытылы түрлі зиянкестермен улау да өз септігін тигізген.

Қазіргі таңда Бәйтерек ауданында жұмыс жасап жатқан шаруалар күздік бидайдың 70 пайызын жинап үлгерген.

Биыл батысқазақстандық шаруалар 586 мың гектар жерге егіс салды. 203 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егілсе, 186 мың гектарға майлы дақылдар себілген. Сала мамандарының хабарлауы бойынша, күздік дақылдардың орташа өнімділігі 40 центнер гектарды құрайды.

Егістіктен жиналған дақылдар қамбаларды толтыруда. Әзірге жиналған егін өзге елге саудаланбайды. Қамбаны толтырған жауаптылар ең бірінші кезекте ішкі сұранысты өтеу қажет дейді. Таяу күндері диқандар күздік дақылдарды толықтай жинап, жазғы бидайды жинауға кіріспек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.