Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕМОНОПОЛИЗАЦИЯ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

c 17:43, 11/10/2023 c 49

0:00 / 0:00

Еліміздің бас қаржыгері айтқандай демонополизацияға ұшырап жатқан компанияларды қожайындары мемлекетке сыйға тартып жатқан жайы бар. 13 акционерлік қоғам монополиясыздандыруға ұшыраған. Алайда, құзырлы орган бұл компаниялардың бұған дейін кімге тиесілі болғанын жарияламай отыр. Оның алдында «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком» сынды компаниялар монополиясыздандыруға өткенді. Олардың арасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен құдасы Қайрат Боранбаевтың есімдері аталып жатыр.

Елде демонополизациямен қатар шетелге заңсыз кеткен актвитерді қайтару жұмысы да жандана бастады. Әзірге сыртқа кеткен капиталдың қаншасы елге оралды? Оны қаржы министрі атамады. Өздеріңізге мәлім, бас прокуратура маңынан шетелге заңсыз ығыстырылған активтерді қайтарумен айналысатын орган құрылатыны айтлығанды. Жамаубаев айтқанда арнайы комитет құрылды. Ал оны кім басқаратыны шешілген жоқ.

Министр атаған соманың 96 миллиарды үш аусымды мектептер, жөндеуді қажет ететін білім ордаларының мәселесін шешуге бағытталған. Бұған дейін депутаттар қайтарылған қаражатты тек әлеуметтік мәселер ғана емес, өндірістік орындарды салуға да жұмсауды ұсынғанды. Олардың мәліметінше, 30 жылда елден 200 млрд доллар сыртқа заңсыз шығарылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.