Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚАУІП БАР МА?

c 09:52, 26/10/2021 c 985

0:00 / 0:00

Неге Қазақстан Үкіметі цифрлық платформаны құруға байланысты Ресейдің «Сбербанкімен» меморандумға қол қойды? Үкіметтің бұл бастамасы қазақ қоғамында резонанс туғызып отыр. Әлеуметтік желі де цифрлық даму министр Бағдат Мусинді жақтағандар мен даттағандар екіге бөлінді. Бүгін Мәжілісте өткен үікмет сағатында Цифрлық даму министрі мемлекеттік қызмет көрсету аясы бойынша есеп берді. Депутаттарды алаңдатқаны Сбербанк платформасы болды.

Бүгінде Қазақстанда 690 мемлекеттік қызмет түрі цифрланған. Яғни елде электронды үкімет жұмысы жүріп жатыр. Қазақстандықтар үйден отырып, қажетті қызмет түрін онлайн түрде ала береді. Енді Цфирлық даму министрі элеткронды қызмет түрлерін 1788 –ге жеткізуді мақсат тұтып отыр. Министр Мусиннің айтуынша, БҰҰ-ң рейтингінде электронды үкімет жасаған Қазақстан 11-і орында тұр. Көрші Ресейден де егов порталын құруда алдамыз. Алайда жақында үкімет цифрлық платформаны құруға байланысты Ресейдің «Сбербанкімен» меморандумға қол қойды. Бұл орайда 400 ақпараттық жүйені бір технологияға келтіру мақсаты тұр. Алайда, қазақ қоғамы үкіметтің бұл бастамасына қарсы шығып жатыр. Себебі, Ресейдің өнімін пайдалана отырып, қазақстандықтардың 19 миллион мәліметі бар электронды порталдағы ақпараттар қолды болады деген қауіп бар.

Министрдің айтуынша, бізге керегі тек орыстың озық технологиясы.

Қоғамда резонанс тудырған бұл меморандум, отандық ІТ қауымдастықтың мүмкіндігін шектеп отыр деген пікірлер де бар. Депутаттар Қазақстанның цифрлық платформасын әзірлеуге халықаралық ашық тендер жарияланғаны дұрыс деп отыр. Ал неліктен Ресейдің Сбербанк платформасы таңдалып отыр? Неге өзге елдермен жұмыс істемеске? Министр ашық кодтарды беруге тек Сбербанк ғана келісіп отыр дейді. Сондай-ақ, қытайлықтар да ашық код беруге даяр болған. Бірақ Қытайдың талабы көңілден шықпады дейді ол.

Осылайша, цифрлық даму министрлігі жаңа платформаға көшсек, бұл жұмысқа қазақстандық ІТ мамандар толық жұмылдырылады деп сендіреді.

Осы күнге дейін шетелдерден миллиардтаған сомаға лицензиялық бағдарламаларды сатып алған Қазақстанда ендігі өз өнімін шығаратын уақыт жеткен жоқ па? Министрдің айтуынша, өз палтформамызды жасағаннан гөрі, сатып алған әлдеқайда арзанға түседі.

Ал қолданыстағы электронды үкіметті жаңарту керек. Министрлік жаңа платформаны жасау үшін, оның негізін ғана сатып аламыз. Ал оны құрастыру, қажетті платформаны құру – ол қазақстандық мамандардың жұмысы. Мусиннің айтуынша, «Сбербанкпен» басшысы мен Қазақстан премьер-министрі қол қойған меморандум нақты келісімшарт болып табылмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.