Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БОРАНБАЕВТЫҢ БАЙЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ӨТТІ

c 01:23, 20/10/2023 c 56

0:00 / 0:00

Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үкен қызы Дариға Назарбаеваның бел құдасы Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша сотталды. Еске сала кетейік, "ҚазТрансГаз" шенеуніктері "АзияГазЧунджа" ЖШС бақыланатын делдал компаниясы арқылы ресейлік газды әдейі жоғары бағамен сатып алып, кейін алынған ақшаны ұрлаған. Олигарх өзінің сыбайластарымен мемлекетке келтірілген шығынды өтеп, алты жылға сотталды. Қазір ірі бизнесмен 30 жыл бойы жиған-терген мүмкін ұрлаған мүлкін мемлекетке қайтарып жатыр. Боранбаев үшін бостандықтың құны арзанға түсіп жатқан жоқ. Әрине әу баста Қайрат Боранбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Алайда өзіне қатысты іс қайта қаралатын кезде кәсіпкер тергеумен процестік келісімге келді. Яғни, кінәсін мойындап, жазаны жеңілдетуге әрекет жасады. Олигарх мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды. Оның ішінде мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, сервис саласындағы кәсіпорын, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендері, фитнес орталықтар желісі, кеңсе үй-жайлары және басқа да активтері бар. Сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Қаржы мониторингі агенттігіің мәліметінше, бұл қаражат мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылмақ. Енді бүгін агенттік Боранбаевтың құны 35,4 млрд. теңгені құрайтын кен орны мен газ саласындағы компаниясы мемлекет меншігіне өткенін хабарлап отыр.

Рсеми өкілдің хабарлауынша, бүгінде аталған компанияда 740 адам қызмет етіп жатыр.

Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын елордадағы «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін де мемлекет меншігіне өз еркімен берді. 5 мың шаршы метрден аса аймақты алып жатқан қонақ үйдің жылдық айналымы – 900 млн теңгені құрайды. Мемлекет бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр. Қамауда отырған олигарх Боранбаевтың мемлекетке қайтаратын мүлкі мұнымен тәмам болмайды. Бүгінде ол жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.