Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Боранбаев мемлекетке 90 млрд. теңге қайтарды

c 13:52, 18/09/2023 c 41

0:00 / 0:00

Сотты болған Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды деп хабарлайды. Қаржылық мониторинг агенттігі. Өздеріңізге мәлім, Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты соталды тергеу жалғасуда.

Өздеріңізге мәлім шіріген бай Қайрат Боранбаев 8 ж сотталған болатын. Кейін оған қатысты сот үкімі өзгерді. Сотты болып отырған бизнесмен іс жүргізу келісімі аясында Қазақстанға ірі көлемдегі активтерді қайтаратынын хабарлады.

Шамамен 1,5 миллиард доллар. Ол өзіне алынған міндетті орындаса бостандыққа шығады. Әзірге Боранбаев қамауда отыр. Кәсіпкер ендігі байлығының бір шетін қайтара бастады. Мемлекетке 90 млрд теңге қайтарған.

Forbes деректерінде Қайрат Боранбаевтың байлығы 590 млн долларға
бағаланады. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, сондай-ақ Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударды. Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына берілмек. Ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру бойынша 14,5 миллиард теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыра береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.