Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БОЛАШАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

c 15:46, 09/10/2023 c 55

0:00 / 0:00

Француздық экономист Жан Тироль экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты. Ол бұл тақырыпта жүздеген ғылыми мақалалар мен 11 кітап жазған. Ол Астанадағы жиынға келмеді. Бірақ оның жазбасында әлемнің антимонополиялық қызметтерге әділетсіз бәсекелестікпен күресу үшін тәуелсіздік керегін айтады. Себебі, бұл экономкианың дамуына кедергі болып отырған басты тежеуіш. Монополия экономиканың дамуына зиянын тигізеді. Себебі сапасы сын көтермейтін өнімге бағаны асқақтатып қояды. Ал әділ бәсекелестіктің артықшылығы- төмен бағалар ғана емес, инновацияның дамуына жол ашады. Қазақстандық сарапшылар да бұл пікірді бөлісіп отыр. Біздің елдің дамуына не кдеергі?

ДОСЫМ САТПАЕВ - САЯСАТТАНУШЫ «Бірінші орында тежеу болып отырған жемқорлық тұр. Бұл басты проблема. Капиталды моноподизациялау. Бұл дегеніміз сол олигархиямен күрес. Мемлекеттің экономкиадағы үлесінің тым көп болуы. Шикізатқа тәуелділіктен арылмау инновацияна енгізуге кедергі. Бұл Қазақстан үшін үлкен проблема. Әлеуметтік теңсіздік. Бүлік шықса оның артында кедейшілік тұр».

Нобель сыйлығы лауреаттарының айтуынша, мемлекеттік компаниялардың үлесі көп болған сайын бәсекелестік ортада оны басқару проблемасы туындайды. Мемлекеттік компаниялар мемлекеттен кепілдік ала отырып, бәсекеге жол бермейді. Бұл орайда квазимемлекеттік компаниялар қанша қателікке жол берсе де, қаржылық басқаруда кемшілік жасап жатса да мемлекет оларға қолдау көрсете береді. Тағы бір проблема – үкімет мұндай компанияларға өз үстемдігін жүргізе алады. Мұндай жағдайда жұмыстың тиімділігін көру қиын дейді отандық сарапшылар. Ал Қазақстанда ғылымды дамытуға енді ғана кірісіп жатыр.

Тәуелсіздік алған 30 жылда қазақ ғылымының күйі әбден әлсіреді. Осы жылдары ғылымға қомақты қаржы бөлінбеді. Жоғары білім министрі айтқандай енді ғана ғылым гранттарына бөлінген қаржы көлемін 3,5 есеге арттырдық. Осы жылдан бастап ғылымға және ғылыми гранттарға 650 млрд теңге бөлінеді.ғыымға бөлінген қаржы ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына да жетпейді. Ғылымды реформалау қолға алынды. Тиісті заң қабылданып жатыр. Бір сөзбен айтқанда әлем елдері жасанды интелектінің шек қарынын ақтарып, енгізіп жатқанда, инновацияны меңгеріп тастағанда біздің ел мұндай мүмкіншіліктің барын енді көрмекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.