Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БИЗНЕСТІ ҚЫСЫП ТАСТАДЫҚ»

c 12:35, 23/12/2022 c 166

0:00 / 0:00

Қазақстанда кәсіпкерлер нарыққа кіре алмайды, ал егер кірсе, олар жеке монополистерге бағынуға мәжбүр.Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев Үкімет басшысынажолдаған сауалында негізгі тауар нарықтарында барлық жерде ірі монополистер бизнестің дамуына кедергі болып жатқанын айтты. Ел экономикасын монополиясыздандыру мақсатында қаңтар айында үкіметтік комиссия құрылды. Алайда Мемлекет басшысы жариялаған жүйелі шешімдердің орнына комиссия бұрын жекешелендірілген активтерді қайтарумен ғана шектелді деді депутат.

Елде бизнестің дамуына кедергі болып отырған монополизммен күресу қажет деген ұрандар жиі айтылады. Бірақ жүзеге аспайды. Өкінішке орай бұл қай саланы түртсеңіз де орын алып отыр. Энергеткиа саласында да жағдай мәз емес. Мәжілісмен Әміреевтің пікірінше, мемлекеттік органдардың жаңа операторлар құру жөніндегі әрекеттері жағдайды ушықтыруда.

Депутаттың айтуынша, кәсіпкерлер үшін жаңа реттеуші кедергілер белсенді түрде жасалып жатыр.

Депутат бәсекелестікті дамыту салалық реттеу саясатының ажырамас бөлігі болуы тиіс деп есептейді. Бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталарын жыл сайын бекітуі және іске асыруы талап етілді. Бұл әрбір органды ел экономикасын монополиясыздандыру және тауар нарықтарының бәсекелестік модельдерін құру міндеттерін орындауға, жауапкершілігін арттырып бағыттауға мүмкіндік береді дейді Әміреев. Сондай-ақ, монополияға қарсы саясаттың рөлін арттырумен қатар, монополияға қарсы реттеушінің Талдамалық жұмысын күшейту қажеттігін айтты. Ал министрліктерде кезінде құрылған көптеген ғылыми-зерттеу институттарының біреуін тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау үшін құзырлы Агенттікке беруді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.