Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнес қолдауға мұқтаж

c 09:42, 05/05/2021 c 861

0:00 / 0:00

Шағын және орта бизнесті субсидиялау жалғасын табады. Министрлер кбабинетінің отырысында пермьер-министр Асқар Мамин бизнестің салықтық және кедендік берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу  1 шілдеге дейін тоқтатылатынын айтты. Ал екінші деңгейдегі банктерде кредиттер бойынша төлем мерзімін де осы жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілетін болды Кейінге қалдырылған төлемдер көлемі 750 млрд теңгені құрайды.

Үкіметтің міндеті пандемиядан зардап шегіп жатқан  бизнесті қолдау. Әзірге ел үкіметі салықтық жеңілдіктер жасап, кәсіпкерлердің банк алдындағы несиелерін өтеу мерзімін кейінге шегерумен ғана шектеліп отыр. Карантиннің қатаң талаптарына төетп бере алмай жатқан бизнес тоқырауға түсіп жатыр. Табысын жоғалтқандар жабылып та жатыр. Бұл жұмыссыздықты ушықтыруда.  Министрлер кабинеті шағын және орта бизенсті субсидиялауды одан әрі жалғастыратын болды. Микрокредиттерді 6 пайзыбен бермек. Оның қайтарымы бар екенін де естен шығармаған жөн. Бұл карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер үшін теңізге тамған бір тамшы сумен тең.

Үкімет салықтық жеңілдіктер жасайтын болды. Бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтар кейінге шегерілді. Айта кету керек, бүгінде шағын бизнес несие алып ғана ісін өрбітіп отыр. Ал пандемия барысында жұмысы тоқтап қалған кәсіпкерлер табысын жоғалтқанымен қоймай, банк алдындағы қарызын өтей алмауда.

Әрине бизнес карантиндік шектеулер алынса, жұмыс орындарын сақтап қалуға дайын. Кәсіпкерлердің айтуынша, бюджеттен бизнесті сақтауға қыруар қаржы шығарғанша, карантин талаптарын жеңілдеткен жөн. Министрлер болса, шағын несиемен қамтимыз деп жұбатады. Алайда, қымбатшылықты тұтынушылардың қалтасы көтермей жатыр. Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп жүргендердің тапқан-таянғанын инфляция жеп қояды. Айлығы күнделікті азық-түліктен аспайды. Сұранысты қамту үшін кредит алады. Елде депозит ашып, қаражат жинағандардан гөрі, несиесі барлар саны өте көп. Ал карантин кезінде халықтың тұрмыс-тіршілігі ауырлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.