Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ КАРТАСЫН АЛУ МІНДЕТТІ МЕ?

c 00:12, 19/10/2023 c 48

0:00 / 0:00

«Масс-медиа туралы» заң жобасын ұсынушы –ақпарат министрлігі баспасөз-картасы міндетті түрде болуы керек деп санайды. Бұл журналистің сатусын анықтауға, оны блогерден ажыратуға мүмкіндік береді дейді министрлік өкілдері. Сондай-ақ, баспасөз картаңыз болса мемлекеттік шараларға тіркеусіз қатыса бересіз. Мемлекеттік органдардан қол жеткізе алмай жүрген ақпаратты ала –аласыз. Баспасөз-картасын алу үшін журналистік біліміңіз болуы хақ. Сондай-ақ, бұл салада 5 жыл еңбек еткен тәжірибеңіз болуы керек. Болмаған жағдайда баспасөз-картасы берілмейді. Ал ол картаны құзырлы орган береді. Дегенмен, бұл құжат жұмыс тобында талқыланғанда журналистер қауымдастығы аталған норма, сөз бостандығын шектеу деген пікірін алға тартты. Журналистерді алалау болып табылады деп жарыса жазуда. Парламент Мәжілісіндегі бір топ депутат та журналистердің бұл пікірін қолдап отыр.

Аталмыш заң жобасындағы тағы бір норма- журналситер елде орын алған қандайда бір жағдайды көрсету үшін құзырлы органдардың келісімн алуы керек . Алайда, БАҚ өкілдері қаңтар оқиғасы сияқты жағдай орын алып жатса, елге ақпарат жеткізе алмай қалуымыз мүмкін деп қауіптенеді. Алайда, ақпарат министрлігі мемлекеттік органдармен келісім қажет екенін айтады. Мысалы, БАҚ әскердің тұрған жері сияқты құпия ақпараттарды жариялап қоюы мүмкін немесе терроризмге қарсы әрекеттер жайында ақпарат беріп қоюы ықтимал. Бірақ төтенше жағдай ерекше жағдайға жатпайды. «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясындағы пікір-таласқа әлі нүкте қойылған жоқ. Енді журналистердің тағдыры Парламенттің қолында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.