Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАНАҒА МҰҚТАЖДЫҚ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?

c 15:48, 30/10/2023 c 62

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар үшін баспана басты қажеттілікке айналды. Ірі қалаларға қоныс аударғандардың дені жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Үкімет қанша баспанамен қамту туралы бағдарламалар қабылдап, енгізгенімен бұл өзекті мәселені толық шешпеді. Жеңілдетілген несиемен алатын баспана бағдарламалары қысқартылды. Оның өзі мұқтаж отбасыларын қамтып отырған жоқ. 7-20-25 бағдарламасының өзі құсқа жем шашқандай әсер қалдырып отыр. Ал нарықтағы ипотеканың сыйақысы шарықтап тұр. Оны алайын десе жалақысы көтермейді. Қазіргі кезде тұрғын үй сатып алушылардың жалпы санының 80%-дан астамы ипотеканы пайдаланатын жандар. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың қысқаруы және зейнетақы жинағының «жеткіліктілік шегінің» артуы халықтың сатып алу қабілетінің және бастапқы тұрғын үйге сұранысты айтарлықтай төмендетті. Тұрғын үйге мұқтаж адамдарға айтарлықтай қолдау әлі байқалған жоқ.

СҰЛТАНБЕК МӘКЕЖАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Толық емес отбасылары, көпбалалы отбасылар, 1-2 топтағы мүгедектер, қандастар мұндай жеңілдіктен қағылып отыр. Тіпті азаматтар ондаған жылдар бойы баспанағ қаражат жинаса да, басанаға қол жеткізуі қиын.Уәкілетті органдардың дереігнде 2023 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жалақы 365 мыңтеңгені құрады, сонымен бірге екінші кезектегі нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 500 мың теңгеге жуық болып белгіленді. Мұндай айырмашылықты бүгінде тіпті тұрақты жұмыс істейтін қарапайым азаматқа да толтыру өте қиын»

Сенатордың айтуынша, халықтың 25 пайызы баспанаға мұқтаж. Оның алты жүз мыңы көптеген жылдар бойы үй кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысын субсидиялау басталғаны мәлім. Алайда, сенатор бұл бағдарлама енгізілген кезде субсидиялау сомасына тұрғын үйді жалға алу бағасы бірден өсіп кетті дейді.

СҰЛТАНБЕК МӘКЕЖАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Баспанасы жоқ азаматтар пәтер жалдап тұрып жатыр. Өткен жылы жалдамалы пәтердің де құны 30 пайызға өсті. Мысалы, Алматы қаласында жалдамалы пәтердің шарты метрі 5 мың теңгені құрайды. 40 шаршы метр пәтерді 200 мың теңгег жалдап тұруға мәжбүр. Бұл тым өте жоғары баға. Осыдан халық несиеге батпағанда қайтеді»

Депутаттар үкіметке құрылыс саласын дамытудың жаңа стратегиялық жоспарын құруды ұсынды. Себебі, құрылыс материалдарына бағаның шарықтауы, баспананың қымабаттауына тікелей әсер етуде. Соңғы бес жылда құрылыс материалдары құнының 50%-дан астам, ал жекелеген түрлері бойынша 2 және одан да көп есе тұрақты өсуі байқалып отыр. Алайда, бұл жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан осы мәселені шешуде тиімді шаралар қабылданбай келеді - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов. Құрылысшылар Одағының мәліметінше, құрылыс материалдары бойынша да біздің ел импортқа тәуелді. Бірнеше құрылыс материалдарының 90 пайызы сырттан келеді. Ал 63 пайызы негізгі түрлеріне қатысты. Ал үкімет отандық құрылыс материалдарын өндіру мәселесін толыққанды қолға ала алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.