Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЙЛЫҚПЕН БӨЛІСУГЕ ТУРА КЕЛЕДІ

c 16:13, 30/10/2023 c 48

0:00 / 0:00

Қазақстандық бай-бағландарға байлығымен бөлісуге тура келеді. Себебі «Салық Кодексіне» енгізілетін өзгерістерге сай, салық салмағы артады. Қымбат көлікті тізгіндегендерге, ұшағы барларға, яхта иеленгендерге, зәулім үйлері барларға салық өседі. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қазір жылжымайтын мүлікке салық көлемі 10 пайыздың көлемінде болса, енді оған қосымша 15 пайыздық салық салынады. Сондай-ақ, жылына 40 млн теңгеден жоғары табыс табатын жеке тұлғаларға салық 15 пайызға артады. Бұл халықтың аз бөлігін ғана қамтиды және көлеңкелі экономиканың артуына ықпал етпейді деп жұбатады Қуантыров. Оның мәліметінше, бүгінде елімізде 12 мың жеке тұлғаның жылдық табысы 40 млн теңгеден асып жығылады. Министр жаңа салық тек бай қазақстандықтарға салынатынын еске салды. Елдегі жер қойнауын пайдаланушыларға да салық салмағы түседі.

Сондай-ақ, құмар ойындарын ұйымдастырып отырғандарға да байлығымен бөлісуге тура келеді. Ойын бизнесі үшін салықты 25-30%-ға дейін арттырмақшы.

Сондай-ақ «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді министр. Құны 10% мөлшерінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер енгізіледі. Қазақстанда қосымша құн салығы12-ден 16%-ға дейін көтеріледі. Сонымен қатар министрлік корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін саралауды ұсынып отыр. Ал қосымша құн салығының өсуі, ең алдымен, импорттық тауарларға жүктемені арттырмақ. Үкімет осылайша салық салып, қазынаны толтырып алмақшы. Бас экономист Қуантыров айтқандай, салық салмағы қарапайым халыққа әсер етпейді. Дегенмен, бизнеске түскен салмақ, тауар түрлерінің қымбаттап кетуіне әсер етуі әбден мүмкін ғой. Яғни дүкен сөрелеріндегі азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық тауарлар қамбаттап жаста, оның соңы қара халықтың қалтасын қағатын сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.