Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ БЛЭКАУТ

c 15:26, 31/10/2023 c 48

0:00 / 0:00

Блэкаут дегеніміз -энергожүйесіндегі жүйелік апат. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні еліміздің бас қаласында осындай апат болып, шаһардың оң жағалауы түгел жарықсыз қалды. Қаланың үш бірдей ауданында электр энергиясы берілмей қалды. Жарықпен бірге жылу беру деңгейі төмендеп, су да тоқтап, байланыс та әлсіреді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, «Астана – 2» жылу электр орталығындағы қысқа тұйықталу салдарынан электр өндіру қуаты төмендеп кеткен. Апаттың себеп-салдары нақтыланып жатқанда, шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек елордалықтарға бейнеүндеу жолдап та үлгерді.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК – АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «Құрметті қала тұрғындары, кешкі сағат 21:50 ЖЭО-2-дегі қысқа тұйықталу салдарынан Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды. Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Қаланың үш ауданы жарықсыз қалды. Алматы, Байқоңып, Сарыарқа аудандары. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп, себеп салдарын анықтады».

Коммуналдық қызметтер жүйедегі апаттың салдарын анықтап, екі сағаттан соң жарық берді. Астана жарықсыз қалған уақытта қаладағы бірінші қалалық ауруханада дәрігерлер науқасты қосалқы жасанды тыныс алу аппаратына қосу үшін шұғыл түрде тасымалдауға мәжбүр болды. Бұл бейнетүсірлім әлеуметтік желіде тарады. Онда дәрігерлердің науқасты қараңғыда шұғыл түрде баспалдақпен жоғары көтеріп бара жатқаны көрінеді. Автордың айтуынша, "ауруханада бір сағаттан аса уақыт жарық болмаған. Өз кезегінде елода денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығармады. Электр қуатының үзілуіне байланысты ауруханадағы лифтілер жұмыс істемей қалған. Дегенмен видеодағы науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. Жарықсыз қалған қалада автокөлік жүргізушілері үшін көлікті басқару қиындады. Электр қуаты жоқ аудандарда бағдаршамдар жұмыс істемей қалды. Шум
Әлеуметтік желіде осы аралықта №2 ЖЭС жарылды деген фейк сурет пен мәтін тарап үлгерді. Құзырлы органдар бұл ақпаратты жоққа шығарды. Не керек, электр энергиясы толығымен қалпына келтірілді. Қазір елорданың барлық 10 қосалқы станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр деп хабарлайды жергілікті билік. Қалада жарық та, су да бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.