Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алтын жұмыртқа

c 18:24, 11/02/2021 c 568

0:00 / 0:00

Дүкен сөрелеріндегі жұмыртқа мен құс етінің бағасы   шарықтап кетті. Қазір бір жұмыртқаның құны 60 теңгені құрайды. Құс етінің келісі 1000 теңгеге жетіп жығылады Оған себеп жем-шөптің қымбаттауы дейді депутаттар. Отандық құс фабрикалары қазір жабылу алдында тұр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов үкімет басшысы Асқар Маминге арнаған сауалында  құс шаруашылығын қолдауды сұрады.

Қазақстанда құс шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына мұқтаж болып отыр. Құстың жем-шөбі  2 есеге қымбаттады. Сенатордың айтуынша,Қазақстанда құс тұқымдары жоқ. Шаруалар  шетелден алдыруға мәжбүр.Тиісті құрал-жабдықтар мен қажетті дәрумендер де өзге елден келеді.  Осының салдарынан ел ішінде  құс өнімдерінің бағасы тұрақты түрде қымбаттап жатыр. Жұмыртқаның құны да шарықтап кетті.

Сондай-ақ, құс етінің негізгі бөлігі Ресей мен Беларусь елінен әкелінеді. Импортпен келіп жатқан құс өнімдері нарықты басып алған. Отандық өндірушілер бәсекеге төтеп бере алмай жатыр. Қазақстандық құс фабрикалары қазір жабылу алдында тұр.

Депутат құс шарушалығына мемлекеттік қолдау қажет дейді. Үкіметтен шаруаларға 5 жылға несие каникулын ұйымдастыруды, сақтандыру сыйақылары жарнасын субсидиялау және асыл тұқымды құсты сатып алу, жем-шөп қорын құру, әкімшілік тосқауылдарды жою және жосықсыз бәсекелестіктен қорғауды сұрады. Өткен жылдың күзінде құс тұмауынан 874 мың құс қырылып қалғанды. Бұл елдегі жалпы құстардың 2 пайызын құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.