Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛҚАБИЛЕР АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚАРАЙТЫН БОЛАДЫ

c 20:06, 15/12/2022 c 1120

0:00 / 0:00

Енді алқа билер ауыр қылмыстарды қарайтын болады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң қабылданды. Құжат мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алқабилер қарайтын істерді кеңейту және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 13 ауыр қылмыс құрамын беруді қамтиды.

Негізі елімізде алқабилер соты 2007 жылы енгізілгенді. Алқабилер соты жарыспалық пен тараптардың теңдігі, кінәсіздік презумпциясын және басқа да қағидаттарды бекітуде шешімдер шы,арып маңызды оң рөл атқарады. Қазір алқабилер соты қараған істер бойынша 10 пайызына дейін ақтау үкімін шығарады. Ал жалпы соттарда бұл көрсеткіш 1,5-2 пайызды ғана құрайды, - дейді Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов. 2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін заң аясында алқабилер соты қарайтын істер тағы 16 құрамға көбейтілді. Осы орайда келесі жылдан бастап алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстардың 31 құрамы қаралатын болады.

Сенат қабылдаған заң жобасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алқабилер қарайтын істерді кеңейту қарастырылған. 2024 жылдан бастап тағы 13 ауыр қылмыс құрамын алқа билердің қарауына беру ұсынылып отыр.

Осылайша, енді алқа билердің қарауына аса ауыр қылмыстар мен қатар ауыл қылмыстарды да қарау беріліп отыр. Депутаттар алқабилер сотының соттылығын кеңейту сот жүйесін демократизациялауға ықпал етеді және қоғам жағынан сотқа деген сенімді арттырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.