Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕРДІ ХАРАССМЕНТТЕН ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК»

c 00:33, 17/11/2023 c 41

0:00 / 0:00

Харассмент дегеніміз белгілі бір адамға физикалық, ментальді және эмоциялық қысым көрсету әрекеті болып табылады. Сенатор Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бүгінде әдепсіз әрекеттер әдетке айналып барады.Түрлі деңгейде тиісу, дөрекілік таныту, зәбір көрсету мен қысым жасау қалыпты болып жатыр. Ол үшін жауапкершілік те жоқ. Мұндай заң бұзушылыққа мүлдем төзбеу және зорлық-зомбылыққа ымырасыз болу мәдениетін барынша дамыту қажет дейді депутат. Ол жұмыс орындарында нәзік жандарға тиісу дерегі жиі орын алатынын айтады. БҰҰ жүргізген зерттеулер нәтижесінде респонденттер Қазақстанда жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған.

Ал мұндай әрекеттері үшін жауапкершілік жоқ болғандықтан жеңіл құтылатынын білетіндер түрлі жүгенсіздікке барады, қылмысты қымсынбай жасайды. Сондықтан заңнаманы күшейту керек. Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалында әйелдерді харассменттен қорғауды күшейтуді талап етті. Сондай-ақ, бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын тұрақты өткізу, үлкен ұжымдарда жауапты арнайы қызметті бекітуді сұрады. Еске сала кетейік, апта басында Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, екі айға қамалды. Зорлау бабы бойынша күдікке ілініп отырған полиция генералы өз кабинетінде қыз зорлады деген мәлімет те бар. Бұл жағдайға қатысты ІІМ орынбасары Қожаев пікір білдірген еді.

Мәлім болғандай, қыз зорлады деп күдікке ілініп отырған полиция басшысының бұған дейін де басы дауға қалған екен. Ол өз қызметкерлерін балағаттап, дөрекі мінез көрсеткен. Қожаев бұл ақпарды жоққа шығармады. Оның барлығы кешегі тексеріс кезінде анықталып отыр дейді. Сол жағдайдан кейін оны қызметінен төмендеткен, одан кейін жұмыс істеп, полиция басшысы лауазымына тағайындалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.