Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ КҮШЕЙДІ»

c 19:20, 12/12/2022 c 1493

0:00 / 0:00

Полиция әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейткенін хабарлайды. Бүгін өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау шаралары туралы айтып берді. Министрлікте арнайы бөлімше құрылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, жыл сайын дүние жүзінде 50 мың¬нан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбы¬лық¬тан көз жұмады. Зорлық-зомбылықтың сал¬дарынан әйелдер жарақат алып, психикалық ауруға шалдығып жатады. Ал балалар зорлық-зомбылық көріністеріне куә болып, қатты күйзеліске ұшырайды. Мамандардың айтуынша, балалар энурез, кекештік, псориаз және психосоматика¬лық ауруларға шалдығады. Қазақстанда да мұндай жағдай жиі орын алады. Пандемия кезінде отбасындағы жанжалдан тұрмыстық зорлық-зом¬бы¬лықтың деңгейі 41 пайызға өскен.

Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімше құрылды. Өткен жылдан бастап мұндай лауазымдар әрбір аудандық полиция бөлімшесінде енгізілген.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАНАЛИН – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды, олардың құрамына 280 әйел-тергеуші кірді. Әйел тергеушілердің қылмыстық істерді тергеуі сенім факторын қолдануға және тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері отбасындағы тераннан зорлық-зомбылық көргендерден 100 мың хабарлама келіп түссе, соның 60 пайызы тоқталды. Себебі, полция келген бетте зардап шегушілер шағымнан бас тартып жатады».

Жұманалиннің айтуынша, министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірледі.Тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптар күшейтілмек. Тек сотта татуласуға мүмкіндік беруді ұсынылды. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдайды. Ал қайта қылмыс жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдерін ұлғайту ұсынылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.