Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5 ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ 80 ПАЙЫЗҒА ТОЗҒАН

c 19:32, 20/12/2022 c 472

0:00 / 0:00

Елдегі жылу желілерінің жартысына жуығы әбден тозған, оларды ауыстыру қажет.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкіметтің отырысында осындай ұсынысын алға тартты. Министр қалалардағы жылу желілерінің жай-күйі туралы айтұан еді. Оның 55 пайызы тозған. Ал оларды жөндеу 2,2 трлн теңге қажет. Үкімет осынша қомақты қаржыны қайдан алмақ? Бүгін премьер-министр әкімдер мен министрлердің жылу беру жүйесіне қатысты есебін тыңдай келе, Екібастұзда орын алған апатты «сорақы жағдай» деп бағалады. Үкімет үйінен толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Үкімет елдегі жылу беру жүйесіне Екібастұзда орны алған апаттан соң жіті назар бөле бастады. Бүгінгі жиында есеп берген құзырлы министрліктердің мәліметінен төбе шашың тік тұрады.Қалалардағы жылу беру жүйесіне зерттеу жүргізген индустрия министрінің дерегінше, жүйенің жарытыснан көбі әбден тозған. Мысалы апат орын алған Риддер, Шемонаиха және Арқалық қалаларында төрт субъект бойынша ұзындығы 52 шақырым болатын желілердің нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен, яғни 25 жылдан асқан. Енді оны жөндеуге миллиардтар емес, триллондар қажет. Қомақты қаражатты үкімет қайдан алады? Қазынаға салмақ салмай ма?

Энергетика министрінің дерегі де көңіл қоншытпайды. Қазақстандағы 37 жылу электр орталығы 70 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олардың шамамен 76%-і 50 жылдан астам жұмыс істейді. ЖЭО-дағы тағы бір проблема – қызметкерлердің жалақысы. Кадр тапшы. Жалақы көлемі 200 мың теңгеден сәл асады. Министр Ақшолақовтың айтуынша, еліміздегі 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйі де мәз емес. Оның жартысы яғни 19 ЖЭО "қызыл" аймақта тұр. Оларға күрделі жөндеу қажет. Бас энергетик жылу электр орталығын жөндеуге 182 миллиард теңге қажет дйді.

Қыс қамын жаз ойлауды білмейтін әкімдер мен олардың есебіне сенген министрлердің күздің басында жалған ақпарат бергенін осыдан –ақ көруге болады.

Премьер-министр инфрақұрылымға қатысты халықтан мыңдаған шағым келіп түсіп жатқанын айтады. Бұл әлеуметтік желідегіні есепке алмағанда.

Энергетика министрлігінің мәліметінше елдегі ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы - 66 пайызды құраса, Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы ЖЭО-лардың тозуы 80 пайыздан асып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.