Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4 ПАЙЫЗДЫҚ АВТОНЕСИЕ ТОҚТАТЫЛАДЫ

c 18:41, 20/06/2023 c 113

0:00 / 0:00

Қазақстан халқы күтіп отырған жеңілдетілген 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады. Бұл жайында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Ақордада тілшілерге берген сұқбатында айтты. Министр 4 пайыздық жеңілдетілген автокредит енді тек автобустарды сатып алуға ғана беріледі дейді. Осылайша министрлік қоғамдық көліктер проблемасын шешпекші. Ал осы жеңілдетілген автонесиені күтіп отырған халық енді бұдан үміт үзе берсе болады. Толығырақ Әселім Қалкен баяндайды

Осылайша 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие де басы бар, аяғы жоқ бағдарлама болды. Енді автосалоннан су жаңа көлікті арзан несиемен сатып аламын деп үміттеніп жүрген қазақстандықтардың үміті сөнді. Себебі, индустрия министрлігі 4 пайыздық автонесие бағдарламасын тоқтататын болды. Министр Марат Қарбаев аталмыш бағдарламаның бағытын қоғамдық көлік алуға бұрып жатырмыз дейді. Яғни кезінде 4 пайыздық автокредит бойынша "Оператор РОП-тан" бөлінген 100 млрд теңгеден түскен барлық қаржы енді автобустарды сатып алуға жұмсалады.

Министрдің айтуынша, елімізде 10 мың 525 қоғамдық көлік болса, соның 45 пайызы тозған. Ал Қостанайда автобустардың 90 пайызы, Орал мен Талдықорғанда 70 пайызы ескірген. Темір тұлпарын армандап жүргендердің үміті су сепкендей үзілді. Осылайша Үкімет қоғамдық көліктер проблемасын қолда бар ақшамен шешпекші.

Ал қарапайым халық нарықтық ставкамен көлік ала алады.Министр мұның алдындағы бағдарламаны еске салды.

Бүгінгі күнге дейін арзан автонесиеге 13 мың адам көлік сатып алды. Енді олардың төлеп жатқан несиесі реворверлі түрде айналымда болып, содан жинақталған қаржыға жеңілдетілген несиені беру жалғаса береді. Бірақ тек автопарктер ғана мұның игілігін көретін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.