Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2023 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ЖАРНА ТӨЛЕЙДІ

c 18:40, 09/01/2023 c 189

0:00 / 0:00

Қазақстан шетелдік туристер үшін 5% мөлшерінде Bed Tax туристік жарнасын енгізіп отыр. Бұл жаңашылдық осы жылдан бастап жүзеге асады. Алайда, бизнес қауымдастығы шетелдік туристерге салық салуға дайын емеспіз деп отыр. Еліміздің труизм саласындағы кәсіпкерлері және "Атамекен" ҰКП мамандары шетелдік туристер үшін 5% мөлшерінде Bed Tax туристік жарнасына қатысты теріс қорытынды шығарды. Алайда бұған қарамастан, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы іске қосылды. Ал, бизнес туристік жарна салаға кері әсер етеді деп алаңдайды. Бұл жайында кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрхан Жариков хабарлады.

Жалпы Қазақстанға келген туристерге салық салу мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланып келгенді. Бұған дейінгі мәдениет министрлері бірінен соң бірі Bed Tax туристік жарнасын енгізу ауадай қажет екенін жарыса айтқанды. Ол үшін бірнеше елдің тәжірибесін зерттеген. Туризмі дамып тұрған Грузия, Чехия, БАӘ –гі тәжірибені ұсынған еді. Бұл ұсыныс 2019-2025 жж арланған туристік саланы дамыту бағдарламасына енгізілді. «Bed Tax» туристік жарнасы курорттық салық болып табылады.

Әрине шетелдік туристерден түскен салық бюджетке түсетін жүктемені азайтып, туризм саласындағы инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Алайда, бизнес қауымдастығы шетелдік туристер үшін 5% мөлшерінде Bed Tax туристік жарнасына қатысты теріс қорытынды шығарды. Олар жарнаны төлеудің нақты мехнаизмі жоқ, мәселе әлі шикі дейді. Бірақ бұған қарамастан Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың қаңтарынан бастап жарна іске қосылып отыр. Осылайша үкімет бұл мәселені бизнестің пікірін назарға алмай енгізді, туристік жарна салаға кері әсер етеді деп алаңдайды. Дәл қазір курорттық салықты енгізуге ерте дейді олар.

Бір сөзбен айтқанда Қазақстанда енгізіліп отырған туристік жарна жалпыға бірдей боулы тиіс дейді сарапшы. Жарна мөлшерлемесі бекітілген, ставка қонақүй тарифіне, маусымға байланысты болмайды. Турист қанша төлеу керегін нақты біледі. Мысалы, Өзбекстанда жарна мөлшерлемесі 2 доллар мөлшерінде, Ресей Федерациясының үш аймағында 0-ден 100 рубльге дейін, ал Италия аймақтарында 5 еуро мөлшерінде белгіленген. Кәсіпкерлер осы мәселені әбден пысықтап алғанша туристік жарнаны 2024 жылға дейін кейінге шегеруді сұрап отыр. Ұлттық статистиканың 2022 жылдағы мәліметіне сүйенсек, шетелден елімізге 3,4 миллион адам демалуға келген. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылдармен салыстырғанда 3,6 пайызға өскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.