Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

20 МЫҢ ПОЛИЦЕЙ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ БАҚЫЛАЙДЫ

c 00:46, 24/10/2023 c 38

0:00 / 0:00

Тәртіп сақшыларының мемлекеттік мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуі қалыпты жағдай. Дегенмен, алдағы «Республика күніне» полиция ерекше дайындалып жатыр. Себебі, әлеуметтік желіде 25-і қазан күні еліміздің 21 қаласында митингі болады деген хабарлама кең тарап жатыр. Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистерге берген сұқбатында ДВК ұйымын құрған, Францияда бас сауғалап жүрген Мұхтар Әблязов халықты дүрліктіріп, заңсыз митингіге шақырып жатқан екенін айтқан болатын. Әлеуметтік желіде Әблязовтің бұл үндеуін бүкіл халық көріп отыр. Бұдан соң, қазақстандықтарды заңсыз митингіге шықпауға үндеген хабарлама да жария етілді. Не керек, полиция 24-26 қазан аралығында барлық жеке құрамды күшейтілген режимге ауыстырып жатыр. Бүкіл ел бойынша осы күндері 20 мың полицией қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауда ұстамақ.

Мереке күндері барлық жағдайды бақылау үшін министрлікте жедел штаб та құрылмақ. Ондай штабтар бүкіл өңірлерде ашылады. Не керек, құқық қорғау органдары «Республика күні» азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге бар күшін салмақ. Ал мереке күндері елордада мәдени және спорттық шаралар өтеді. Қаланың 5 ауданында мерекелік концерттер ұйымдастырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.