Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1,7 МЛН. АДАМ НЕСИЕСІН ӨТЕЙ АЛМАЙ ОТЫР

c 14:13, 23/10/2023 c 43

0:00 / 0:00

Түркістан облысынан келген Мөлдір Тұрысбекова көпбалалы ана. Бір басында төрт несиесі бар. Күйеуі төрт баламен тастап кеткен. Мөлдірдің өтеп отырған несиесінің ішінде автокөлік несиесі де бар. Бірақ көлікті күйеуі алып кеткен. Ал несиесі әлі жабылмаған. Тұрысбекованың тапқан-таняғаны несиені жабуға кетіп жатыр. Көпбалалы отбасы жәрдемақыға күн көруде.

Бүгінде Мөлдір «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, қаржылық сауаттылығымды арттырып жатырмын дейді. Дегенмен, оған мойнындағы несиені толық өтеу міндеті тұр. Бұл несиеге белшеден батқан 8 млн. 400 мың адамның бір ғана мысалы. Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың табысына қарамай тұтынушылық кредитті оңды-солы беріп жатыр. Жалақысы 10-150 мың теңгені құрайтын адам ай сайын 400 мың несие өтеуі керек сияқты деректер көп. Депутаттардың айтуынша, бір басында 20 несиесі бар адамдар да тіркелген. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді. Ел халқы несие қамытын киіп отыр дейді мәжіліс төрағасы.

Өз кезегінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов үкіметке төлем қабілеті жоқ қазақстандықтарға кредит алуға тыйым салуды ұсынды. Тіпті заңмен бекіту керек деді. Көп жағдайда азаматтар қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан кредитке белшеден батып жатыр дейді мамандар. Тапқан табысы тамағына әрең жетіп отырғандар тұрмыстық қажеттілігіне несие алады. Яғни қазақстандықтардың табысы тым төмен.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 2021 жылдан бастап проблемалық қарызы бар қазақстандықтардың саны өсіп жатқанын айтты. Еліміздегі жеке тұлғалардың несиелерінің жалпы көлемі - 18 триллион теңге, ал қарыз алушылардың саны 8 миллионнан асады. Биыл 8 айда тұтынушылық кредиттер портфелі 9,2 триллион теңгеден асты. Сондай-ақ, қарызын қайтара алмайтын тұрғындардың саны да өсті. 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда 7 миллионнан аса адам банктен несие алған. Несиенің жалпы сомасы кезде 15 триллион теңгеден асты.Әбілқасымова тұтынушылық несие сомасын шектеуді ұсынды.

МАДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА – ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ "Бүгінде ірі сомадағы тұтыну несиесін де белсенді беретін болды. Тұтыну несиесінің өсуіне халық тарапынан сұраныстың артуы да себеп болып отыр. Азаматтар тауарлар мен қызметтерді "бөліп төлеуге" алады, тұтыну кредиттерін кәсіпкерлік мақсатқа пайдаланады. Кепілсіз тұтыну несиелері бойынша қарыздың орташа мөлшері жыл басындағы 913 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеу үшін агенттік қосымша шара ретінде тұтыну кредитінің максималды сомасына заңнамалық деңгейде шектеу енгізуді ұсынады"

Депутаттар несиеге батқан халықты құтқару жолын олигархтардан қайтарылған ақшамен шешуді ұсынды.

Осылайша, тұтынушылық несие беру енді заңмен реттелетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.