Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зират өртенген

c 17:49, 19/04/2019 c 1013

0:00 / 0:00

Оралдағы "Телецентр" ауданында орналасқан ескі  бейттердің бірқатары өртеніп кеткен. Бұл туралы ақпарат әлеуеметтік желі арқылы тарап кетті.  Анықталғандай өрт осыдан бірер күн бұрын тіркелген. Яғни, орыс бейті маңында орналасқан ескі гараждардан бастау алған тілсіз жау бейттердің белдіктері мен белгілерін шарпыған. Бірнеше жылдан бері  зираттың тәртібін Орал «Яицк казактары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қадағалайды. Аталмыш ауданның жалпы көлемі 15 гектарды құрайды.  Бұл жерде «Волна» саяжайы болғандықтан оған қатынайтын тұрғындар дәл осы мейттің жанынан өтеді. Сол себепті тілсіз жау тіпті адами фактордың әсерінен орын алуы да ықтимал дейді оралдықтар. Бұл орындағы кей бейттер  күтіп бапталмайтындықтан еріктілер айналасындағы тұрмыстық қалдықтарды тазалайды. Тұрғындар сол себепті  бұл орынды бақылауға алу қажет дейді. Қоғамдық бірлестік өкілдері ертең дәл осы жерде сенбілік өтетінін мәлімдеді. Яғни бақилық болған тума-туыстарының мәңгілік мекендерін ағайын тумалары тазалауы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.