Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылу жүйелері жаңғыртылуда

c 17:17, 22/04/2021 c 607

«Водстрой» автономды қазандығын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 536 млн. теңге қаражат бөлініп, мұндағы үш жылыту қазандығы толықтай ауыстырылған. 1973 жылы жұмысын бастаған коммуналдық нысан 33 үйге қызмет көрсетеді. Осы күнге дейін Зашаған кентіндегі көптеген үйлерде ыстық суды арнайы құрылғының көмегімен ысытып отырды. Жаңғырту жұмыстары бұл мәселенің шешімін тапты дейді «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Қуат Мусин. Енді үй иелерінің келісімімен ПИК тұрғынжайларына жылу айналдыратын құрылғыны орнату арқылы орталық су жүйесі қызметін пайдалана алады. Яғни, орталық жылыту жүйесіндегі ыстық суды тұтыну арқылы тұрғындар электр энергиясын үнемдейді. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев Орал қаласының әкімі Абат Шынбековке ПИК тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу шараларын қолға алу қажеттігін ескертті. Ал бұл орталық көшелердің біріндегі жылу алмасу пункті. Пунктте 160 тұрғынға ыстық су таратылады. Нысандағы су айналымын реттейтін құрылғыны автоматтандыру арқылы жұмыс оңайлаған. Шаһарда осындай 70 жылу алмасу пункті болса, олардың 33-і өткен жылы жаңғыртылыпты. Ыстық судың қысымы мен температурасы да осы құрылғы арқылы бақыланып, реттеледі.
"Жайықжылуқуат" АҚ өкілдері негізгі проблема тұтынушылар қырызы екеніне тоқталды. Жыл басында оралдықтардың кәсіпорынға бережағы 1 миллиардтан асқан. Осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған ұзындығы 34 шақырым болатын резервтік газ құбырының құрылысы әлі де болса аяқталған жоқ. Оған 3,5 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ, коммуналдық мекемеде суды салқындату үшін қолданылатын жаңа салқындату мұнарасы бой көтеруі тиіс. Облыс әкімі оған жұмсаталытын 2 млрд теңге қаражаттың республикалық бюджеттен бөлінетінін атап өтті. Су салқындату мұнарасы жұмысын бастағанда «Жайық» өзенінің суын тұтыну бірнеше есеге азаятын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.