Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін тек АВТОХҚО-ДА емтихан тапсырғаннан кейін алады

c 17:49, 02/06/2022 c 817

0:00 / 0:00

Батысқазақстандықтар алаяқтардың құрбанына айналуда. Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы клиенттерге мамандандырылған ХҚО бөліміне бармай, жүргізуші куәлігін алу мүмкін еместігін хабарлайды."Қазір емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін, соның ішінде сот шешімі бойынша көлік жүргізу құқығынан айырылғандарға да аталмыш куәлікті оңай жолмен алуға болатындығы туралы әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялануда. Олардың айтуынша, автокөліктің бір санаты бойынша жүргізуші куәлігі 60 000 теңгеден басталады. Олар банк картасының мәліметтерін береді және 50% алдын-ала төлем сұрайды. Осыдан кейін мессенджер арқылы «дайын куәліктің» суретін жібереді және қалған соманы және тіпті қосымша ақшаны талап етеді. Мұндай алаяқтардың құрбаны болған адамдар Орал қаласының мамандандырылған бөліміне жиі жүгінуде. Биыл теориялық емтихан тапсыру кезінде тұлғаны сәйкестендірудің биометриялық жүйесі енгізілді. Бұрын теориялық емтиханды тапсырарда клиент тек жеке куәлігін көрсететін, енді әрбір үстелдің үстіне емтихан тапсырушының сол адам екенін анықтайтын бейнекамера орнатылды. Үшінші тұлғалардың қатысуы мүмкін емес. Яғни тұрғындар құжат жасау ісінде тек мемлекеттік корпорация ғана құзыретті мекеме екенін ұмытпағаны жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.