Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

«ЖҰМАНҒАРИН: ЛАУАЗЫМ ҮШІН ҚУАНБАЙМЫН, ЖЫЛАМАЙМЫН»

c 10:56, 17/08 c 1026

0:00 / 0:00

Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушы Серік Жұманғарин қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компанияны атады. Сондай-ақ, бұған дейін экс- министр Бақыт Сұлтанов шеше алмаған қант проблемасын тез арада шешемін деген сенімде. Жаңа министр шайды балмен емес, тосаппен ішеді екен. Ал азық-түлік бағасы шарықтап тұрған сәтте сауда министрі лауазымына келген Серік Жұманғарин «лауазым үшін қуанбаймын да, жыламаймын да. Ең бастысы Президенттің сенімін ақтауым керек»- деп отыр.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы бір айда журналистер үшін есігі жабылып, жиындарды онлайн өткізген үкімет бүгін ашылды. Министрлер кабинетінің жиыны жаңа вице-премьермен басталды. Күні кеше қант проблемасын шеше алмай, жалпы азық-түлік бағасын ұстай алмай қызметінен кеткен Бақыт Сұлтановтың орнына бүгін Серік Жұманғарин жайғасты. Жұманғарин енді үкімет басшысының орынбасары, сауда және интеграция министрі міндетін атқарушы. Қыркүйекте Парламент жұмысы басталғанда ғана жаңа министрдің кандидатурасын Мәжіліс бекітетін болады. Оған дейін ол міндетін атқарушы болып қалмақ. Қазіргі уақытта қант тапшылығы мен бағасына қатысты тергеп-тексеру басталды. Жұманғарин қанттың 90 пайызын сатып алып, айналымға жібермей отырған монополист компанияны атады.

Елде азық-түлік түгел қымбаттады. Баға күйіп тұр. Қант проблемасы әлі шешімін тапқан жоқ. Осындай қиын жағдайда сауда министрі болып тағайындалған Серік Жұманғаринің жоғары лауазымға келгеніне қуанып тұрғанын байқамадық.

Еске сала кетейік, халық қантқа тапшы болып, қымбатшылықтан зардап шегіп отырғанда экс-министр Бақыт Сұлтанов шайды балмен ішетінін айтып мақтанған болатын. Жаңа министрдің де қантқа әуестігі жоқ екен. Ол шайды тосаппен ішемін - деді.

Министрдің айтуынша, қазір көтерме саудада қанттың бағасы 700-800 теңгеге жетті. Ал зауыттан шыққан баға - 450 теңгені құрайды. Дәл қазір қант бағасы арзандайды деп айта алмаймын. Бүгін бірінші күн жұмысқа шығып тұрмын. Бір апта уақыт беріңіздер, - деп өтінді ол. Ал бұрынғы министр Бақыт Сұлтановтың аяқсыз қалдырған, шешпей кеткен проблемаларын, қант саласындағы былықтарды Жұманғарин қысқа уақытта шеше ала ма?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.