Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүкті келіншек жолда босанып қалды

c 17:12, 25/05/2022 c 1105

0:00 / 0:00

Оралда жедел жәрдем көлігінде жүкті әйел босанып қалды. Салмағы 3 келіден асатын қыз баланың өмірге аман-есен келуіне жедел жәрдем стансасының фельдшері Еркебұлан Жасұланов пен студент, осы медициналық мекеменің санитары Айсұлтан Нұрышев септігін тигізді. Жедел жәрдем стансасы қызметкерлерінің бұл - кәсіби борышы болғанмен нақ осы жәйттің өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені сәбидің аман-есен дүниеге келіп, анасының аяқ-қолын бауырына алуына себепкер осы жас жігіттер-Еркебұлан Жасұланов пен студент Айсұлтан Нұрышев. Еркебұлан жедел жәрдем қызметінде 3 жылдан бері еңбек етеді. Қос маман осыдан екі күн бұрын түнгі кезекшілікке қатар түскен.: Ал студент Айсұлтан Нұрышев он айдан бері өз білім-біліктілігін сынап, санитар қызметін атқарып жүр. Осы уақыт ішінде ол екі әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырса, бір толғақты үйде қабылдаған. Қазір 103 қызметіне күніне 300-ден аса қоңырау шалынса, оның 20-дан астамында әйелдер перзентханаға жеткізіледі. Бүгінде сәби анасымен қалалық көпбейінді аурухананың перзентханасында дәрігерлердің бақылауында. Салмағы 3 келіден асса, бойы 50 см көрінеді. Аурухана әкімшілігі ана мен баланың жағдайы қалыпты екенін, үйге шығарылуға дайындалып жатқанын хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.