Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жөнделмеген жолдар

c 16:08, 10/08/2020 c 397

0:00 / 0:00

Биыл Орал қаласында 55 көшенің жолы жөнделмек. 61 шақырымдық тас жолды мердігер компаниялар 2020 жылдың аяғына дейін аяқтауы тиіс. Бірақ тамыз болса да, тендерді ұтып алып, жұмысына кіріспеген компаниялар да бар

Биыл Орал қаласының 55 көшесіне тас жол салынбақ. Қазіргі таңда тек 3 көшенің жолы аяқталып, 6 нысанда жұмыс жалғасып жатыр. Ал 8 көшенің жолы тамыз болса да әлі басталмапты. Осы көшелердің жолын жөндеймін деп тендерге қатысып, ұтып алған компаниялар "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында бірнеше жобаға жауапты ретінде жұмысты атқаруы керек.

Қала көшелерінің тас жолдарына тақтайдай асфальт төсеу жұмыстарының аяқ алысы туралы барлық жай-жапсарды шаһар басшысы Абат Шыныбеков баяндады. Мониторинг топ мүлдем жұмысы басталмаған көшелердің ішінде Ет комбинаты ауданында орналасқан Шыңғырлау көшесіне тоқталған болатын. Қала әкімі осы көшенің жолындағы жобаның авторымен жобалық сметалық жұмыстарға түзетулер жасалып жатыр. Кейін мердігер компания көшенің жолын толықтай асфальтайды-, дейді.

Оралдықтар үшін маңызды тақырыпты қорытындылаған облыс әкімі барлық басқарма басшылары мен техникалық бақылау қызметкерлеріне салынып жатқан жолдың сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.

Сурет ғаламтордан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.