Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдағы жемқорлық

c 20:11, 07/11/2019 c 599

0:00 / 0:00

2017 жылдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өндірісінде 110 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары- көліктік бақылау саласындағы заң бұзушылыққа қатысты болып отыр.Енді жол үстіндегі жемқорлықты жою үшін,   Көлік комитеті «Рұқсат құжаттары мен тасымал мониторингін басқару» ақпараттық жүйесін дайындап жатыр. Ол жүйе шетелдік рұқсат бланкісін пайдалануды бақылауға, қазақстандық бланкіні беру жүйесін автоматтандыруға, қазақстандық тасымалдаушылардың шет елдерге шығу рұқсатын жасауға, шетелдік тасымалдаушылар үшін қазақстандық бланкіні тапсыру және оның күшін жою жұмыстарын автоматтандыруға арналған. Аталған жүйе шетелдік рұқсат құжаттарын қымбат бағамен қайта сатып, пайда тауып жүргендердің жолын кеседі. Себебі, ауыр жүк көліктерінің қалтасын қаққан пысықайлар рұқсат бланкілерінің тапшылығын қолдан жасап отырған көрінеді.

Жол үстінде жүретін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жемқорлардан зардап көріп отыр. Жүк көліктерін белгілі бір аймаққа еш тексерусіз өткізу үшін олардан ақша алып отырған бопсалаушылардың ісі жүріп тұр. Бұл көлік комитетінің қызметкерлерінің қолымен жасалып отырған жемқорлық фактісі. Мысалы, Алматы облыстық көлікті бақылау инспекциясы басшысының жетекшісі Бауыржан Жантұровқа қатысты қалалық сот 100 млн теңге көлімінде айыппұл төлеу туралы шешім шығарды. Ол ірі жүк тасымалдаушы кәсіпорындардан ай сайын жүйелі түрде пара алып отырған. Яғни тасымалданған жүкті Алматы облысы мен Алматы қаласы аймақтарына еш бақылаусыз өткізуге қолдау көрсеткен. Әр сапар үшін 25 мың теңгеден алған.

Енді құзырлы орган пилоттық жоба ретінде жолдағы жемқорлықтың жолын кесу үшін, көлікті тексеру барысын қысқартпақ.

Бұл орайда жемқорлықпен күрес агенттігі көлікті бақылау органына Еуропа елдерінің тәжірибесін қолдануды ұсынады.Ол елдерде көлік құралдарының салмағын өлшеу автоматтандырылған, егер жүк тиісті нормадан асып жатса,  бейнетаспаға түсіріліп, көліктің нөмірін көрсете отырып, жүргізушіге айыппұл жіберіледі.  Осылайша адамдардың қарым-қатынасысыз жасалған шаруа жемқорлыққа жол бермейді. Бір жағынан көлік жүргізушілері де уақыты мен ақшасын үнемдейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.