Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ

c 17:54, 24/05/2018 c 836

0:00 / 0:00

Үстіміздегі жылы облыс орталығында әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды жөндеуге басымдық берілмек. Мәселен, №44 мектепке қатынайтын жолдың бірнеше жылдан бері әбден тозығы жетіп, сапасы сын көтермей келгендігі айқын. Аталған тас жолдың құрылысын жасап жатқан компания өкілдері егер заңсыз орналасқан гараждар болмаса, жұмысты бір ай бұрын аяқтап тапсырған болар едік деп ақталды. Өзге көшелердегі жолдың құрылысымен танысқан қала әкімі бірқатар мердігер компанияға уақытты жоғалтпай, жұмысты тиянақты атқаруды тапсырды.

Бұл құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатырған Ромаева, Лиственная және Вольная көшелерінің қазіргі көрінісі. Аталмыш көшелердегі жол салу жұмыстары өткен жылы басталған. Қазіргі таңда мердігер компания арнайы құрал-сайманы мен техикасын жабдықтап, обьектіні белгіленген уақытта тапсырамыз деп отыр.
Ал, шаһарымыздағы сапасы сын көтермейтін көп көшелердің бірі ет комбинаты ауданында орналасқан Январцева көшесі еді. Қазіргі таңда мердігерлер онда да жол жөндеу жұмыстарын қызу қолға алған.

Шаһар басшысы облыс орталығында жүріп жатқан жол құрылысымен танысқан кезде, жауаптыларға жұмысты тездетіп жасауды тапсырды. Алайда, жұмысты асықтырған тұста, сапаны да назардан тыс қалдырмауы тиіс. Әкім осыны да еске салды.

Ал, бұл №44 мектепке барар жол. Білім ошағына барар жолдың зардабы біраз жыл мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына көп қиындық тудырып келді. Алайда, биылғы жылы аталмыш әлеуметтік нысанға апаратын жол күрделі жөнделіп, қала тұрғындарының игіліне берілмек.

Мердігер компания өкілдері мектепке дейінгі аумақты осыдан бір ай бұрын бітіріп қолданысқа тапсырмақ та болған. Бірақ, бұдан көп жыл бұрын орын теппен мына гараждар жұмыстың атқарылуына кедергі келтіріпті. Енді міне жөндеуге кедергі келтірген көлік тұрақтар көшіріліп, жауаптылар жұмысқа енді кіріспек. Алдағы күнде бұл жерлерде жаяу жүргіншілер жолағы салынып, саябақ бой түзеуі мүмкін.

№44 мектепке апаратын тас жолдың құрылысы жоспар бойынша үш айдың көлемінде бітуі тиіс. жол жөндеуді мойындарына алған мердігер жұмысты маусым айында аяқтап, қала тұрғындарының илігіне тапсырамыз деп әкімге сөз берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.