Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол сапасы басты назарда

c 14:41, 15/07/2020 c 521

0:00 / 0:00

Бағдарлама арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан жолдардың бірі – қаланың солтүстік-шығыс ауданындағы Еуразия көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін созылып жатқан Алаш көшесі. Бұл жерде 621 метрлік автокөлік жолы, екі қапталдан жаяу жүргіншілер жолы салынбақ. «Астрадор» ЖШС-і мердігерінің сөзінше, құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталған. 4, 5 ай ішінде қолданысқа берілуі тиіс дейді.
Ал осы аудандағы Коняхин көшесіндегі жол құрылысын «Шамшын» мердігерік компаниясы жүргізуде. Серіктестік өкілі жұмысты екі апта бұрын бастағанын айтады. Жолдың ұзындығы – 731 метр.
Салынатын жолдардың сапасын тексеру мақсатында арнайы топ құрылған болатын. Екі нысанда қадағалаушы топ жолдардың жобаға сай болуы – ұзындығы, ені мен қалыңдығы бойынша тексерулер жүргізді. Құрылыс материалдарының сапалылығын назарға алды. Облыстық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Айтмағамбетовтың айтуынша, ақаулар анықталған жағдайда акт жасалып, кемшіліктерді жою уақыты көрсетіледі.
Салынып жатырған жолдардың жол-құрылыс материалдары бойынша қазақстандық қамтудың үлесі 100 пайызды құрайды. Мысалы, қажетті құм жергілікті карьерлерден алынса, темір-бетон бұйымдары өзіміздің облыста өндіріледі, қиыршық тас Ақтөбе облысынан алынса, битум Маңғыстау облысынан жеткізіледі. Бұндай тексеріс жұмыстары жиі ұйымдастырылатын болады. Өйткені жол сапасы басты назарда .

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.